Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Менің атам майдангер”
08
апрель
2025
“Менің атам майдангер”
Біртұтас тәрбие бағдарламасы “Өнегелі 15 минут” аясында 9”А” сынып оқушысы Айхан Адина “Менің атам майдангер” тақырыбында шежіредегі үшінші атасы-Сүлейменов Асаубай атасының майдандағы ерліктері туралы мәлімет беріп өтті.
“Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” айлығы шеңберінде 7-сынып
07
апрель
2025
“Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” айлығы шеңберінде 7-сынып
Табиғатқа жанашырлық – тәрбиенің негізі “Таза Қазақстан” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізіліп жатқан “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” айлығы шеңберінде 7-сынып жетекшілері мектепті көгалдандыру науқанына атсалысып, дала гүлдерін отырғызып, көркейту жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік”
07
апрель
2025
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік”
Табиғатқа деген жауапкершілік “Таза Қазақстан” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында “Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік” айлығы шеңберінде 8 “В” сыныбы туя ағашын отырғызып, мектеп ауласын көгалдандыру науқанына атсалысты. Бұл бастама оқушылардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттырып, ортақ ісімізге үлес қосуға шабыттандырады. Табиғатымызды сақтап, өсіру – баршамыздың міндетіміз! #біртұтастәрбие #біртұтас #біртұтас_тәрбие_алматы #169 #тазақазақстан #тазақазақстан🇰🇿 @alatau_bilim_bolimi
“Әнұран айту” челленджі
07
апрель
2025
“Әнұран айту” челленджі
“Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында аптаның бір күні-патриоттық күн. Әнұран - мемлекеттің ең маңызды рәміздерінің бірі. Барлық уақытта да және барлық халықтың да мемлекеттілігі мен Тәуелсіздігінің біртұтас белгісі- мемлекеттік рәміздері болып табылады. Бізде ұлылыққа негізделген, идеяға бай Туымыз, Елтаңбамыз бен Әнұранымыз бар. 
Зерттеуші мұғалімдер бөліскен шеберлік сабақтар
02
апрель
2025
Зерттеуші мұғалімдер бөліскен шеберлік сабақтар
02.04.2025 ж. #169 мектеп-лицейінде зерттеуші мұғалімдердің кезекті шеберлік сабақтары регламентке сай жоғары деңгейде өтті. Зерттеушілер сабақта заманауи әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалануды, мұғалімдерге қажет жасанды интеллекттің таңдаулы түрлерін ,сонымен қатар есте сақтау жадына түрлі тренингтер жасап, өздеріне керекті ақпараттар алды, әріптестер сабақта алған кері байланыстарына ризашылықтарын білдірді.
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
31
март
2025
«Педагогикалық идеялар фестивалі»
31.03.2025 жылы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде мектепішілік «Педагогикалық идеялар фестивалі» болып өтті. Байқаудың мақсаты – педагогтердің шығармашылық тұлғасын жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
PISA құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру .
31
март
2025
PISA құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы оқушылардың математикалық
31.03 күні #169 МЛ математика пәнінің мұғалімі Нусипова Гаухар Байдалиевна бастауыш мұғалімдеріне тренинг сабақ өткізді. Тақырыбы: PISA құзыреттіліктерін қалыптастыру арқылы оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру .