Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Педагогикалық идеялар фестивалі»
31
март
2025

«Педагогикалық идеялар фестивалі»

31.03.2025 жылы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде мектепішілік «Педагогикалық идеялар фестивалі» болып өтті. Байқаудың мақсаты – педагогтердің шығармашылық тұлғасын жүзеге асыруын және кәсіби өсуін ынталандыру, мұғалімдердің инновациялық тәжірибесін зерделеу және тарату.
Міндеттері:
-педагогтердің кәсіби шеберлігін көтеру;
-озық педагогикалық тәжірибелерді анықтау және қолданысқа енгізу;
-заманауи инновациялық білім беру технологияларды кіріктіру;
-жаңашыл мұғалімдердің құрылымдық-мазмұндық моделін әзірлеу.
Байқауға қатысқан мұғалімдер:
1. Қазақ тілі - Муслимова Шакира
2. Жаратылыстану - Тыныштыбаева Гулжан
3. Математика - Тебеев Айдын
4. Ағылшын тілі- Киргизбаева Гульшат
5. Бастауыш - Рахымбек Аяулым
6. Тарих - Ахметчанова Мөлдір
7. Орыс тілі - Нурмухамедов Бахытжан
Мұғалімдер өздерінің жаңашыл идеяларымен бөлісті, тәжірибе таратты. Байқау соңында биология пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Тыныштыбаева Гулжан 1-орынды иеленді. Байқауға қатысқан барлық мұғалімдер мадақтама қағазымен марапатталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: