Алатау ауданының орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында өткізілген «Мен ұлы даланың ұрпағымын»атты патриоттық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау ауданының орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында өткізілген «Мен ұлы даланың ұрпағымын»атты патриоттық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті
15
апрель
2021

Алатау ауданының орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында өткізілген «Мен ұлы даланың ұрпағымын»атты патриоттық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті

2021 жыл 02 сәуірінде Алматы қаласы Алатау ауданының орта білім беру ұйымдары оқушыларының арасында өткізілген «Мен ұлы даланың ұрпағымын» атты патриоттық жыр мүшәйрасы өз мәресіне жетті. Жыр мүшәйрасына қатысуға аудан мектептерінен барлығы - 16 оқушыға сұраным келіп түсті, оның ішінде 2 топ бойынша сайысқа: 8-9 сыныптардан - 8 оқушы, 10-11 сыныптардан 8 оқушы қатысты. Ұйымдастырушылар алдын-ала оқушылардың шығармаларының сканерленген нұсқасын жинап алып, сараптау жасады. Комиссия мүшелерімен конкурсқа қатысушылардың әдеби дарынын анықтау, көркем сөзді мәнерлеп оқуын бағалау жүргізілді. Конкурс ережесіне сәкес байқауға қатысушы оқушылар берілген тақырыпқа бойынша өз жанынан шығарған өлеңдерін оқыды.
8-9 сыныптар арасында «№180 ЖББМ» КММ 9-сынып оқушысы Күресбек Айшуақ бас жүлдені иеленсе, «№184 ЖББМ» КММ 8-сынып оқушысы Түктібай Аружан - I орын алды. 10-11 сыныптар арасында №152 мектеп-гимназия 11-сынып оқушысы Жүнісбек Нұрила бас жүлдеге ие болып, №169 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Рашит Фарида I орын алды.
Комиссия мүшелерінің шешімімен «Мен ұлы даланың ұрпағымын» атты патриоттық жыр мүшәйрасы конкурсының қалалық кезеңіне «№180 ЖББМ» КММ 9-сынып оқушысы Күресбек Айшуақ және №152 мектеп-гимназияның 11-сынып оқушысы Жүнісбек Нұрила жіберілді.
@gulzhan_bekenova73 @akmurzaevakarlygash
@alatau_bilim_bolimi
https://www.instagram.com/p/CNXFKE9HfrG/?igshid=17ovcyqjnftzp 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: