ББЖ ұйымында «Табиғат-ортақ үйіміз» тақырыбында 6-10 сынып  оқушыларының арасында экологиялық онлайн байқауы өтті. » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ББЖ ұйымында «Табиғат-ортақ үйіміз» тақырыбында 6-10 сынып  оқушыларының арасында экологиялық онлайн байқауы өтті.
15
апрель
2021

ББЖ ұйымында «Табиғат-ортақ үйіміз» тақырыбында 6-10 сынып  оқушыларының арасында экологиялық онлайн байқауы өтті.

2021 жылдың 7 сәуірінде Алатау ауданы білім бөлімі мен №1 Оқушылар үйінің ұйымдастыруымен аудан мектептеріндегі «Жас Ұлан, Жас Қыран» ББЖ ұйымында «Табиғат-ортақ үйіміз» тақырыбында 6-10 сынып  оқушыларының арасында экологиялық онлайн байқауы өтті. Байқаудың мақсаты: Мектеп оқушыларына экологиялық дүниетанымды және экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты аялауға, адамгершілік позициясын ұстануға, құстарға деген жанашырлығын арттыруға, еңбекке баулуға тәрбиелеу. Байқау екі бағыт бойынша өткізілді: 1-бағыт: Топты таныстыра отырып  үздік экологиялық бейнебаян түсіріп , өз аймағының, туған жерінің қоршаған орта проблемалары туралы қысқаша бейнефильм арқылы өз ойларымен бөлісу .Экологиялық бейнебаян бойынша жүлделі орындар: І орын-№164ЖББМ, ІІ орын-№26ЖББМ, ІІІ орын-№184ЖББМ. 2-бағыт: «Құстар біздің-досымыз!» керексіз қалған ағаш немесе қалдық қоқыс заттардан құс ұясы жасалуы керек. Байқауға аудан мектептері ат салысып, төмендегі мектептер жүлделі орындарға ие болды.
Бас жүлде -№160 ЖББМ, І орын-№185 ЖББМ, ІІ орын -№169 МЛ, ІІ орын- №26 ЖББМ, ІІІ орын-№154 ЖББМ, ІІІ орын- №152 МГ. ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
 
 
@akmurzaevakarlygash 
@alatau_bilim_bolimi 
@gulzhan_bekenova73

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: