Ақпан айында Алатау ауданында «Айтыс - сөз майданы» атты аудандық жас ақындар сайысы өтті. » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ақпан айында Алатау ауданында «Айтыс - сөз майданы» атты аудандық жас ақындар сайысы өтті.
25
февраль
2021

Ақпан айында Алатау ауданында «Айтыс - сөз майданы» атты аудандық жас ақындар сайысы өтті.

Ақпан айында Алатау ауданында «Айтыс - сөз майданы» атты аудандық жас ақындар сайысы өтті. Айтыстың мақсаты  мектеп оқушылары арасында Ж.Жабаевтың шығармаларын насихаттау, суырыпсалма қасиеттерін, тума талант, табиғи дарындарын анықтау, олардың поэзияға деген құштарлықтарын арттыру болды. Сайыс қорытындысында
Орта білім беру ұйымдарының 5-11-сынып оқушылары арасында «Айтыс – сөз майданы» атты қалалық жас ақындар айтысы 4 айналым бойынша өткізілді. 1-айналымда қатысушылардың барлығы белгіленген жұп бойынша айтысты, 2-айналымда алғашқы айналымда басым түскен 4 жұп айтысты, 3-айналымда жартылай финалда ерекше көзге түскен 2 жұп айтысса, соңғы мәреде  жеңімпаздар айтысты. Айтысқа қатысушылар Жамбыл Жабаевтың шығармашылығын тілге тиек ете отырып, оның өлеңдері мен дастандарын дәріптеді. Сонымен қатар, бұл айтыста ел-жер тарихы, тіл мәселесі, жастар болашағы, қазіргі заман мәселелері де талқыға салынды. Айтыс өте тартысты өтіп, көрермен тарапынан оң бағаға ие болды.
Айтыс қорытындысы бойынша Алатау ауданының намысын қорғауға барған жас ақындар №152 гимназияның 8-сынып оқушысы Сансызбек Қасиет жүлделі 2-орынды және  №169 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Рашит Фарида жүлделі 3-орынды иемденді.
#alatau_roo
#akmurzaevakarlygash
#alatau_bilim_bolimi
https://www.instagram.com/p/CLmAf-qnKtR/?igshid=xmomgejkrm38

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: