«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
01
ноябрь
2021

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»

29.10.2021 ж №169 мектеп-лицейінде «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған аудандық конкурсы болып өтті.
«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» конкурсы (әрі қарай – Конкурс) озат тәжірибені көрсету үшін жағдай туғызуға, мектеп мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен заманауи әдістемелік идеяларды іздестіруге уәжін қалыптастыруға, білім беру ұйымының тәжірибесінде сабақты ұйымдастыруда авторлық әдістемелер мен технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Конкурс мектептердің білім беру процесіне енгізу үшін сабақтардың инновациялық әдістемелік әзірлемелерінің жүйеленуі мен мәліметтер қорының толығуына, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынас жасау түрлерінің дамуы мен кең қолданысына ықпал етеді.
Конкурстың мақсаты: өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру. Мектебіміздің Бастасыш сынып мұғалімі "Кәсіби шерер" номинациясымен III орынды иеленгені үшін Мәжитов Берік Қасымханұлы марарапаттарлды.

https://www.instagram.com/tv/CVnEumnI_Ms/?utm_source=ig_web_copy_link 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: