Алматы қаласы Алатау ауданы 169 мектеп-лицейінде мектепішілік "Үздік педагог" байқауы болып өтті.
Алматы қаласы Алатау ауданы 169 мектеп-лицейінде мектепішілік "Үздік педагог" байқауы болып өтті. Байқау төмендегідей 4 кезеңнен тұрды:
1. "Мен заманауи педагогпын" тақырыбы бойынша эссе.
2. "Менің әдістемелік жұмыстарым" тақырыбында портфолио.
3. "Менің инновациялық тәжірибем" тақырыбында таныстырылым.
4."Сабағым - кәсіби тұжырымымның айнасы" айдарымен ықшамдалған сабақ.
Байқау барысында ұстаздар жоғары кәсіби деңгейін, интеллектуалдық, шығармашылық әлеуеті мол тұлға екендігін көрсете білді. Байқау соңында "Бас жүлдені" информатика пәнінің мұғалімі Малбасова Шолпан Асанқызы, жүлделі 1 орынды қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәулетова Индира Дауылбайқызы , 2 орынды математика пәнінің мұғалімі Шонкина Жаналтын Данабекқызы және бастауыш сынып мұғалімі Иманкулова Айнур Бекеновна , 3 орынды ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тагаева Айнур Амирқызы иеленді. Әріптестерімізге ұстаздық жолында толағай табыстар тілейміз!
@akmurzaevakarlygash
@alatau_bilim_bolimi
@gulzhan_bekenova73
https://www.instagram.com/p/CM4a25YHlhR/?igshid=9wsvff21gezo