«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
01
ноябрь
2021

«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»

«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»
атты бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған мектепшілік конкурсы болып өтті.
«Абыройлы ұстаз»: «Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» конкурсы (әрі қарай – Конкурс) озат тәжірибені көрсету үшін жағдай туғызуға, мектеп мұғалімдерінің шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруға, мұғалімдердің кәсіби дамуы мен заманауи әдістемелік идеяларды іздестіруге уәжін қалыптастыруға, білім беру ұйымының тәжірибесінде сабақты ұйымдастыруда авторлық әдістемелер мен технологияларды қолдануға мүмкіндік береді. Конкурс мектептердің білім беру процесіне енгізу үшін сабақтардың инновациялық әдістемелік әзірлемелерінің жүйеленуі мен мәліметтер қорының толығуына, сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби қарым-қатынас жасау түрлерінің дамуы мен кең қолданысына ықпал етеді.
Конкурстың мақсаты: өз тәжірибесіне жоғары кәсіби маңызға ие инновациялық бағдарламалар мен технологияларды енгізетін мұғалімдерді анықтау, зерделеу, кәсіби тәжірибесіне қолдау көрсету, шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер туралы қоғамдық пікірді қалыптастыру.
Конкурсымыз: 2-кезеңнен тұрады
1-кезең – екі турадан тұрады.
1-тур – Педагогтің портфолиосын зерделеу. Осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес әр мұғалім Педагогтің партфолиосын ұсынады.
2-тур – «Бастауыш сынып сабақтарындағы білім беру инновациялары» – мұғалімнің кәсіби шығармашылығының тұжырымдамалық негіздерінің, әдістемелік және технологиялық құрылымының таныстырылымы.
Конкурсқа бастауыш сынып мұғалімдерінен 14 мұғалім қатысты.
1. Саметаева Жазира Досмаганбетовна
2. Кишкеева Мақпал Кенжебековна
3. Жеңіс Баян Ерболқызы
4. Рақымбаева Зинура Амантаевна
5. Мәжитов Берік Қасымханұлы
6. Исаева Таңсулу Шыңғысбекқызы
7. Найзабекова Малика Аканбаевна
8. Амангелді Динара Жамалбекқызы
9. Тоқтамбетова Зарина Амантаевна
10. Жұманазарова Төрегүл Абылазизовна
11. Калиева Жадыра Куптлеуовна
12. Каржауова Нағима
13. Касенова Динара Ерланқызы
14. Жаксымбекова Самал Куракбаевна
Бұл байқау үздіктердің үздігін анықтауға көмектесті. Біздің қатысушылар өздерінің, кез-келген жағдайдан ұтымды шығып, кәсіби құзіреттілігін көрсете білді. @akmurzaevakarlygash @gulzhan_bekenova73

https://www.instagram.com/p/CVj1Mndh1FY/?utm_source=ig_web_copy_link 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: