Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Білімді ел – Образованная страна» Республикалық апталық білім беру қоғамдық-саяси газеті Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Турлашева Алина Маратовна
08
май
2025

«Білімді ел – Образованная страна» Республикалық апталық білім беру қоғамдық-саяси газеті Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Турлашева Алина Маратовна

«Білімді ел – Образованная страна» Республикалық апталық білім беру қоғамдық-саяси газеті  

Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран 

 Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Турлашева Алина Маратовна

9 мамыр – Ұлы Отан соғысының аяқталған күнін және Қазақстанның батыр ұлдары мен қыздарының ерлігін еске алу күні. Бұл күн тек еліміз үшін ғана емес, бүкіл әлем тарихында маңызды орын алады. 1945 жылы әлемнің басым бөлігін шарпыған соғыстың аяқталуы – бейбітшілік пен еркіндіктің жеңісі. Бұл күнді атап өту арқылы біз өткеннің қасіретін, соғыстың ауыр салдарын еске алып, ел мен жер үшін күрескен қаһарман батырларымызға тағзым етеміз. 9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл күн - Қазақстан халқының ержүрек батырларын еске алып, олардың жеңісіне құрмет көрсету күні. Осы атаулы күнді атап өту мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады.
        Жеңіс күніне арналған іс-шаралардың бірі ретінде біздің ұжымымызда да ерекше шара ұйымдастырылды. Бұл шараның ерекше мәні – әрқайсымыздың жүрегімізде туған жеріміз үшін жанын берген ерлердің ерлігін ұмытпай, олардың рухына тағзым етуге деген ниетімізде жатыр.
 Сондай іс-шаралардың бірін 9 мамыр Жеңіс күніне арналған ұжымдық хорды мектебіміздің директоры Алмагамбетова Патшагүл Оңғарбайқызы ұйымдастырды, мектебіміздің  ата-аналары, оқушылар мен ұстазар   көрермен болды, видеоролик түсіріп, құттықтау мақсатында ақпарат желілеріне жарияланды.
      Ұжыммен хор айту - Жеңіс күніне деген ерекше құрмет пен патриоттық сезімді арттыратын шаралардың бірі. Бұл іс-шара біздің еліміздің тәуелсіздігі мен еркіндігін сақтап қалу үшін күрескен бабаларымыздың ерлігін ұмытпауға шақырады.Әріптестерім аталары мен әжелерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан ерліктерін хор айтып еске алды... 


    Мустапаев Тұрлаш Мустафаұлы — қайсар рухты емші, сынықшы, Ұлы Отан соғысының ардагері менің атам. Мустапаев Тұрлаш Мустафаұлы 1915 жылы қыс мезгілінде қазіргі Алматы облысы, Қоңырөлең селосында дүниеге келген. «Турлаш» есімі – көнеден жеткен түркі, татар және башқұрт халықтарының тілдерінде «қайсар», «батыр», «жорық иесі», «күшті тұлға» деген мағыналарға ие. Бұл есім иесінің тағдырына жазылған өмір жолын сипаттап тұрғандай.
    Тұрлаш атам табиғатпен етене араласқан, ел арасында белгілі емші және сынықшы болған. Тамыр ұстап, әр түрлі шөптерден емдік тұнбалар әзірлеп, талай жанға шипа дарытқан. Шыққан сүйекті дәл тауып, орнына салып берген. Халық оны ерекше құрметтеп, сырқаттанып қалса, алдымен соған баратын. Ауылдастары оның емшілігімен қатар адамгершілік қасиеттеріне де тәнті еді. Атам бос уақытында атқа мініп, тауға шығып, шөп теріп, табиғат аясында серуендеуді ұнататқан. Сонымен қатар аңшылықпен де айналысып, түлкі, қасқыр сынды түз тағыларын аулап қайтатын. Оның өмір салты – нағыз дала батырына тән болатын.1942 жылы 27 жасында Ұлы Отан соғысына аттанды. Соғыстан кейін елге аман оралып, бейбіт өмірге араласты.Тұрлаш атамның ғұмыры – елге, жерге, ұрпаққа адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Ол 1992 жылы 12 қарашада, 77 жасында дүние салды. Артында өнегелі ұрпақ, ел есінде жатталған асыл есім қалды. 


     Атам өз өмірін Отан қорғауға арнап, ерлікпен шайқасты. Атамның ерлігін әрдайым мақтан тұтамын, оның соғыстағы жасаған ерліктері мен еліміз үшін сіңірген еңбегі ұрпақтарға үлгі болып қала береді.
     Сонымен қатар, менің әріптестерімнің де аталары мен әжелері  соғысқа қатысып, осы Ұлы Жеңіске өз үлестерін қосқан. Бұл күнді біз бірлесіп атап өту арқылы ардагерлеріміздің ерліктерін еске алып, олардың рухына құрмет көрсеттік.

Хор тек өнер емес, ол - өткенімізге құрмет көрсету, болашаққа үмітпен қарау және еліміздің бірлігі мен күшін паш ету.
        Атап айтқанда, арнайы хор құрылып, қатысушылар Ұлы Отан соғысының батырларына арналған әндер орындады. Хордың репертуарында соғыстың ауыр жылдарындағы халықтың рухын көтерген танымал әндер мен марштар болды. Бұл шара көпшіліктің патриоттық сезімін оятып, еліміздің еркіндігі үшін күрескен ата-бабаларымызды еске түсірді.

     Ұжымның хор орындауы кезінде әрбір сөз бен әуен жүректерді қозғап, тыңдаушыларды ерекше әсерге бөледі. Әсіресе, соғыс кезінде жазылған әндер, «День Победы», «Катюша» және «Жеңіс күні» т.б композициялар әрбір адамның жүрегіне терең әсер етті. Бұл әндер арқылы біз өткенді еске алып, бүгінде бейбіт өмірде ғұмыр кешіп отырғанымызға шүкіршілік етеміз.
     Хордың қатысушыларының үйлесімділігі мен бірлігі ерекше болды. Әрбір қатысушы өз дауысын қосып, ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеді. Мұндай шаралар тек ұжымда ынтымақты арттырып қана қоймай, әрқайсымыздың тарихымызға, елімізге деген сүйіспеншілігімізді тереңдетеді. Әндер мен марштар, соғыстың қорқынышты кезеңін еске салатын мәтіндер, әркімнің жүрегінде ұлттың ерлікке толы тарихын қайта жаңғыртты.

      
   Ұжыммен хор айту – бұл тек музыкалық шара ғана емес, бұл біздің рухымызды бірлестіріп, аталарымыздың ерлігін еске алуымыздың бір түрі. Хорда айтылған әрбір ән – сол кездегі күрескерлік рухты, жеңіске деген сенімді, халқымыздың бірлігін, қайсарлығын білдіреді. Хор арқылы біз бір-бірімізбен бірігіп, өткеннің ауыртпалықтарын еске түсіріп, еліміздің бейбіт әрі тәуелсіз болашағы үшін күрескен ардагерлердің ерліктерін құрметтейміз. Біз үшін бұл тек музыкалық әсер ғана емес, бұл ардагерлерге деген құрмет, оларды еске алу, болашаққа үмітпен қарау.
     Жеңіс күні - Тарих пен болашақтың жалғасы 9 мамыр күні әрқайсымыздың санамызда ерекше орын алады. Бұл тек өткеннің жеңісі ғана емес, болашақтың бейбіт өміріне деген сенімімізді нығайту үшін, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау үшін өте маңызды күн. Хор арқылы біз тек соғыстың батырларын еске алмай, еліміздің болашағын, оның бірлігін, күшін сезіндік.

     Бұл күн, сонымен қатар, біздің қоғамымыздағы ұрпақтар сабақтастығының символы болып табылады. Өткеннің батырлары мен қазіргі заманның ұрпақтары арасында байланыс орнатылады. Жастар бұл күнді атап өтіп, соғыс жылдарындағы ерен ерліктерді ұмытпайды. Хорды орындау арқылы біз еліміз үшін күрескен батырлардың ерлігін ұрпақтар есінде мәңгілік қалдыруға үлес қосамыз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: