08
май
2025
«Білімді ел – Образованная страна» Республикалық апталық білім беру қоғамдық-саяси газеті Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Турлашева Алина Маратовна
«Білімді ел – Образованная страна» Республикалық апталық білім беру қоғамдық-саяси газеті
Ерлік- елге мұра, ұрпаққа ұран
Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Турлашева Алина Маратовна
9 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күні еліміздің ең қастерлі мерекелерінің бірі. Бұл күн - Қазақстан халқының ержүрек батырларын еске алып, олардың жеңісіне құрмет көрсету күні. Осы атаулы күнді атап өту мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылады. Сондай іс-шаралардың бірін 9 мамыр Жеңіс күніне арналған ұжымдық хорды мектебіміздің директоры Алмагамбетова Патшагүл Оңғарбайқызы ұйымдастырды, мектебіміздің ата-аналары, оқушылар мен ұстазар көрермен болды, видеоролик түсіріп, құттықтау мақсатында ақпарат желілеріне жарияланды.

Ұжыммен хор айту - Жеңіс күніне деген ерекше құрмет пен патриоттық сезімді арттыратын шаралардың бірі. Әріптестерім аталары мен әжелерінің Ұлы Отан соғысына қатысқан ерліктерін хор айтып еске алдық...
Мустапаев Тұрлаш Мустафаұлы — қайсар рухты емші, сынықшы, Ұлы Отан соғысының ардагері менің атам. Мустапаев Тұрлаш Мустафаұлы 1915 жылы қыс мезгілінде қазіргі Алматы облысы, Қоңырөлең селосында дүниеге келген. «Турлаш» есімі – көнеден жеткен түркі, татар және башқұрт халықтарының тілдерінде «қайсар», «батыр», «жорық иесі», «күшті тұлға» деген мағыналарға ие. Бұл есім иесінің тағдырына жазылған өмір жолын сипаттап тұрғандай.
Тұрлаш атам табиғатпен етене араласқан, ел арасында белгілі емші және сынықшы болған. Тамыр ұстап, әр түрлі шөптерден емдік тұнбалар әзірлеп, талай жанға шипа дарытқан. Шыққан сүйекті дәл тауып, орнына салып берген. Халық оны ерекше құрметтеп, сырқаттанып қалса, алдымен соған баратын. Ауылдастары оның емшілігімен қатар адамгершілік қасиеттеріне де тәнті еді. Атам бос уақытында атқа мініп, тауға шығып, шөп теріп, табиғат аясында серуендеуді ұнататқан. Сонымен қатар аңшылықпен де айналысып, түлкі, қасқыр сынды түз тағыларын аулап қайтатын. Оның өмір салты – нағыз дала батырына тән болатын.1942 жылы 27 жасында Ұлы Отан соғысына аттанды. Соғыстан кейін елге аман оралып, бейбіт өмірге араласты.Тұрлаш атамның ғұмыры – елге, жерге, ұрпаққа адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Ол 1992 жылы 12 қарашада, 77 жасында дүние салды. Артында өнегелі ұрпақ, ел есінде жатталған асыл есім қалды.
Бұл күнді біз бірлесіп атап өту арқылы ардагерлеріміздің ерліктерін еске алып, олардың рухына құрмет көрсеттік.