05
январь
2025
“Қазақстан мектептеріндегі цифрлық білім берудің дамыту тенденциясы” тақырыбында семинар
05.01.2025жыл Алматы қаласы Алатау ауданы Білім бөлімінің арнайы ұйымдастыруымен 169 мектеп-лицейінде “Қазақстан мектептеріндегі цифрлық білім берудің дамыту тенденциясы” тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Семинарда ауданның шебер ұстаздарының бірі185 мектеп- гимназиясының шебер педагогы Ф.У.Жасыбаева өз іс- тәжірибесімен бөлісті. ,,Заманауи платформалар және жасанды интеллект мүмкіндіктері,, тақырыбындағы шебер сабағы мақсатына жетті. Мақсаты: ЖИ талаптарын орындау. Оның ішінде ақпаратты ойын түрінде жеткізу, халықаралық деңгейде әртүрлі жасанды интеллект,, және ,,ауқымды деректер,, жасау, білім беру сапасын гибридтендіру, білім беруді геймификациялау. Әріптесіміздің сабағы өз деңгейінде өткізіліп, аудан көлемінде жоғары бағаланып, Алғысқа ие болды.

