Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - сапалы білім кепілі” атты аудандық семинар өтті. » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - сапалы білім кепілі” атты аудандық семинар өтті.
29
март
2024

Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - сапалы білім кепілі” атты аудандық семинар өтті.

29.03.2024 күні “№ 169 мектеп-лицейінде Алатау ауданы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен аудан мұғалімдеріне арналған «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру - сапалы білім кепілі” атты аудандық семинар өтті. Семинардың мақсаты: «Шеберлік шыңы» кәсіби шеберлік және кәсіби даму үдерісіндегі педагог-шеберлердің жаңашыл жұмыс тәжірибесін тарату. Семинарда Алматы қаласы, Алатау ауданы педагог-шеберлері өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Педагогтер « Оқу сауаттылығы оқушылардың функционалды сауаттылығының негізі” , «Әдебиеттік оқу пәнінде білім алушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған тапсырмалар құру”, “ Жапонияның білім беру жүйесінің кейбір ерекшеліктері “ сияқты ауқымды тақырыптар аясында мәселелерді талқылады. Педагогтер белсенділікпен қатыса отырып, өз тәжірибелерін ортаға салды. Семинар жұмыстарын ұйымдастырудың мұндай жаңа әдістері ұстаздардың шығармашылық жұмыс істеуіне қажетті дамытушылық орта тудыруға мүмкіндік жасады . Сарапшылар барлық топтардың ұсынған идеяларын талдап, яғни жетістік, кемшіліктерін дәлелдеді, осы идеялардың жүзеге асу жолдарын айтты.
Жұмыс тәжірибесін таратуға атсалысқан ұстаздар:
А.Б Смагулова Алатау ауданы әдіскері
Қ.С Қайырбай педагог- шебер
А.М Адилова педагог- шебер
П. О Алмагамбетова педагог- зерттеуші
Г.Г Таирова педагог - шебер
https://www.instagram.com/reel/C5Nn-RwAAXH/?igsh=MWZrazR1bTc4MWJreg%3D%3D 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: