Биология пәні мұғалімі Калымбетова Гүлназ » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Биология пәні мұғалімі Калымбетова Гүлназ
06
январь
2021

Биология пәні мұғалімі Калымбетова Гүлназ

Заманауи педагог қандай болу керек? «Ғасырлар мақсаты – саяси-экономикалық және рухани дағдарыстарды жеңіп шыға алатын, ізгіленген ХХІ ғасыр құрушы іскер, өмірге икемденген, жан- жақты жеке тұлғаны тәрбиелеп қалыптастыру»
                                                                                                                    Н.Ә. Назарбаев
 Ұстаз – парасаттылық пен төзімділік, мәдениеттілік пен мейрбандық, ізденімпаздық пен   шығармашылықты бойына жинақтаған ұлы есім. Сонымен қатар, мұғалімдік қызмет әр оқушының, жеткіншек ұрпақтың, қоғам мен мемлекеттің тағдыры үшін жауаптылығымен сипатталады, себебі, қоғамдағы әр отбасы өзінің ең қымбат құндылығы- балаларының тағдыры мен болашағын мұғалімге табыстайды. «Мұғалім ісі- сырттай қарапайым болғанымен – тарихтағы ең ұлы істің бірі» (К.Д.Ушинский) демекші, бүгінгі мұғалім еңбегінің нәтижесі- ертеңгі қоғамымыздың айнасы екені белгілі. «Білімді дамыта алмайтын елдің болашағы жоқ» деп Елбасымыз дөп басып айтқандай, жарқын болашағымыздың кепілі- білімді, бәсекеге қабілетті жастар. Әр азамат пен бүкіл халықтың тағдыры тәуелді болатын осындай мамандық- білгірлік, біліктікпен қатар, заманауилықты талап етеді. 
Ұстаз- өз бойына әртістілік пен профессионалдықтың бірлесуін қалыптастырған өзіне тән энергетикасы болу керек, сол арқылы оқушының өз пәніне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын қалыптастырады. Демек, креативтілік- заманауи педагогтің бір қыры болып табылады. Сабақ басында тақырыпқа деген қызығушылық тудыратын сұрақ қойып, интрига атмосферасын қалыптастырса, оқушының гаджетке деген тәуелділігін салыстырмалы түрде жеңе алады. Мәселен, мен өз сабағымда: «Қан тобы қалай тұқым қуалауы мүмкін?», «Өзі гемофилия немесе дальтонизммен ауырмаған бірақ тасымалдаушы болған анадан қандай балалар туылады деп ойлайсыздар?», «Ауырғанда біз ішетін антибиотик қайдан алынады?» деген сияқты балаларды қызықтыратын,  практикада мәні бар сұрақ қою арқылы оқушы назарын сабаққа аударып аламын. Әрі қарай оқушы осы сұрақтың жауабын күтіп отырады, демек, сабақта белсенді отырады, яғни сабағыма қызықтыра алдым деген сөз.
Қазіргі жаhандану дәуіріндегі «Z ұрпақ»- гаджетті өте жақсы меңгерген, ақпараттану деңгейі өте жоғары, жан-жақты балалар болғандықтан, заманауи педагог қазіргі оқушыға қарағанда әлдеқайда ақпараттанған болуы керек. Себебі, ұстаз өзінен артық біліп, жан-жақты, заманауи, жаңалықтан қалыспайтын болса ғана, оқушылар қадірлеп, сыйлайтын болады. Кәсіби шеберлікті игеріп, ақпараттық технологияларды толық меңгерген жағдайда ғана жаңашыл заманауи педагог болады. Тек заманауи педагог қана бүгінгі қоғамды рухани байытып, жаңаруға, жаhандануға жол ашатын ұлы тұлға. Осындай шебер ұстаз ғана интеллектуалды, ой-өрісі жоғары, рухани бай, адамгершілігі мол, бірнеше тіл меңгерген, жалпы әлемдік бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелей алады, себебі «қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» (Н.Ә.Назарбаев)
Сонымен қатар, заманауи ұстаздың тағы бір қыры- әділдік пен шыншылдық. Қоғам ырқына жығылмай, қандай жағдай болмасын өзінің азаматтық позициясын ұстанатын тұлға ретінде үлгі бола білуі керек деп ойлаймын. 
Мен осы ұлы мамандықты таңдағаныма еш өкінбеймін, керісінше мақтан тұтамын. Себебі, маған баламен жұмыс жасаған қатты ұнайды. «Ұстаз ізденгіш болуы, ойлай білуі, қандай істі болсын, бар ынтасымен атқара білуі керек» деп В. Маяковский айтқандай,  балалардың алдындағы өз міндетім-білім мен біліктілігімді арттыра отырып, әдіс-тәсілдерді үнемі іздене жүріп, әр сабағымды сапалы, бар ынтаммен өткізу деп білемін.
"Ең алдымен өзің өзгерсең, жан-жағың да өзгереді",- демекші, мен де дәл солай өзімді жаңашылдықты толық меңгерген "заманауи педагог" болуға барынша тырысамын.
Сөзімді "БЛУМ таксономиясымен" қорытындылағым келеді:
            Мұғалім- өз пәнін, инновациялық өзгерістерді жақсы білетін, жаңашыл әдіс-тәсілдерді игерген маман;
            Мұғалім- оқушының жан дүниесін және бала тәрбиелеуде өзінің міндеттерін жетік түсінетін "Ана". Осы жерде Ш.А.Амонашвилидің: "Оқушыларға білім ғана емес, рухани тәрбие беру керек",- деген пікірі ойға келеді;
            Білген, үйренген, меңгерген әдіс-тәсілдерін толығымен қолдана білетін, оқушыға теориялық білімін орынды қолдануға бағыттайтын- Көмекші;
            "Жаңа білім беру" жүйесіне сай мәселелерге бағыт бере отырып қана, оқушылардың өздеріне талдата алатын-"Бағыттаушы";
            Оқушыларға АҚТ қолдана отырып, мәліметтерді жинақтап, оларды қорытындылауына мүмкіндік беретін, сол арқылы көптеген қабілеттерін ашатын-"Дамытушы";
            Дәстүрлі сабақтағыдай біржақты емес, оқушылардың өзін-өзі, бірін-бірі және мұғалім сабағын (кері байланыс жасату арқылы)   бағалауына жол ашатын- Әдіскер.
Демек, заманауи педагог- осы өзгерістерді жүзеге асыра отырып, педагогикалық өзгерістерге тез бейімделетін, өскелең ұрпақтан бәскекеге қабілетті жан-жақты "тұлға" дайындай алатын жаңашыл адам.
"Дене-күйме, сезім-ат, ақыл-арбакеш" дегендей, арбакеш атын дұрыс бағыттаса, күйме алдыға нық жүреді. "Ең алдымен өзің өзгерсең, жан-жағың да өзгереді",- демекші, мен де дәл солай өзімді жаңашылдықты толық меңгерген "заманауи педагог" болуға бағыттаймын.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: