Биология пәні мұғалімі Калымбетова Гүлназ » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Биология пәні мұғалімі Калымбетова Гүлназ
14
май
2018

Биология пәні мұғалімі Калымбетова Гүлназ

Алматы қаласы Алатау ауданы, №169 мектеп-лицейінің биология пәнінің мұғалімі Калымбетова Гульназ Алпамысовна
Мен- заманауи педагогпын
            ҰСТАЗ- Ұлы есім! Ғалым да, шахтер де бас иетін дара адам. Алайда сол ұстаз есіміне лайық болу кез-келген адамның қолынан келе бермес.       
Мен бақытты адаммын, себебі мен ұстаздық жолын таңдадым. 
Мен неліктен ұстаз болуды шештім?! "Тәрбие тал бесіктен басталады" дегендей, маған бұл қабілет ана сүтімен келген болар деп ойлаймын. Себебі менің анам биология пәнінің ұлағатты ұстазы, "Білім беру ісінің үздігі" марапатының иегері.
          Кішірек кезімде анаммен бір жерге шыға қалсам, көптеген адамдар, жасы да, қарты да, анама тоқтай қалып сәлемдесетін, көп жерде жеңілдік жасап, көлікпен жеткізіп тастайтын. Сонда анам: "Міне, қызым, ұстаздықтың жемісі деп осыны айт. Оқытқан оқушың да, ата-анаң да жасына қарамастан сыйлап тұрса еңбегіңнің қайтқаны",- деп күлетін. 
          ҚР білім берудегі "Кембридж тәсілі" бойынша оқыту курсын меңгеріп келген мектебіміздің тренері Қаржауова Мәншүк апай, одан соң технология пәнінің мұғалімі Калуова Әлия апайдың тәлімалушысы болдым. Менің оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін меңгеруіме осы тәжірибем түрткі болды. Ұлы педагог К.Д.Ушинский "Мұғалім өз білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана нағыз мұғалім. Ізденуі мен оқуды тоқтатысымен мұғалімдігі де тоқтайды",- дегендей, одан әрі мектепішілік тренерлік курсқа қатыстым. 
"Білім- қазына қоймасы, оның кілті практика" (Томас Филлер) дегендей, үйренген әдіс-тәсілдерімді сабақта барынша қолдануға тырысамын. Себебі өскелең ұрпақты үнемі жаңашылдықпен қызықтырмаса, өзіңе баурап, пәніңе баулымасаң, қазіргі "білім мен біліктілік- бәсеке" заманында көштен кеш қаласың. Бүгінгі жаңашыл, жан-жақты, білімді жас ұрпақ-біздің жарқын келешегіміз. 
Сөзімді «Синквейн» әдісімен қорытындылағым келеді:
  1. Заманауи педагог
  2. Ақпараттанған, жаңашыл
  3. Бәсекеге қабілетті етеді, жан-жақты дамытады, пәніне еліктіреді
  4. Замануи педагог-ақпараттық құралдарды меңгеріп, әдіс-тәсілдермен үйлестіре отырып балаға өз пәнін түсінікті түрде жеткізетін ұлы тұлға
  5. Көштен қалыспайтын «ұстаз-дос»

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: