29
январь
2024
"Қыздың көркі-шаш, шаштың көркі-шаштеңге"
https://www.instagram.com/p/C2r52SBsiGR/?igsh=MWJ4aWlyYmlmdXh4bQ==
"Қыздың көркі-шаш, шаштың көркі-шаштеңге" демекші, дана халқымыз шашты сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы деп ерекше қарап, құрметтеген. «Ақ үйден бір қыз шықты көзі күлген, шаштарын он күн тарап, бес күн өрген», – деп жырға қосқан. Одан қалса, данагөй ата-бабаларымыз «шаштың киессі бар» деп қыз-келіншектерді жалаңбас жүргізбеген және шашының бір талын да кез келген жерге тастамаған. Ал бүгінгі күні қыздың көркі – шаш деген сөзді басқа ұғымдармен алмастырып алғандаймыз. Шашы емес, тырнағы ұзын, астында машинасы, қолында қос телефоны бар қыздарымыз сәнде. Алайда бұл қазір шашы ұзын кыздар жоқ деген сөз емес. Әрине, бар. Бірақ ұзын шашын жайып, автобуста қысылып тұрғанда кейбірінің аузына, көзіне кіріп кететін шаштарға не айтамыз?!
Бір апта өтпей осы оқиғаға өзім де куәгер болдым. Жұмыстан сағат 6 шамасында шығып, автобусымды күтуге аялдамаға барсам, көпшіліктің көзін өзіне қаратып ұзын шашын жайып алған бір қыз автобус күтіп тұр екен. Ішіне лық толған адамдарымен келе жатқан автобусымыз бір болып шықты. Автобус тоқтай салысымен екеуміз де сығылыса ішіне сыйып кеттік. Жаңа ғана түзу таралған қыздың шашы, автобуста жұлмаланып, қысылысып ары-бері өткен адамдардың киіміне жабысып қыздың біраз мазасын алды. Тіпті артында тұрған бір қыздың бетіне тиіп сөз де естіп алды. Сол көріністі қарап тұрып ана қызға «шашыңды жинап алшы» деп айтқысы келіп тұрған мен ғана емеспін бе деп қалдым. ҚазҰУ аялдамасынан түсіп қалған сол қыздың шашына бәрінің көзі түскенін қайтейін, автобус ішінде сондай ыңғайсыз жағдайға қалған сол қызға іштей жаным ашып тұрды. Бұл бір ғана емес, жылдың қай мезгілі болмасын көріп жүрген дүниеміз болып қалды. Айтайын дегенім, жалпы қазір ұзын шашын өріп немесе жинап жүрген қыздарды емес бар шашын әдемілеп жайып алған қыздарды көп көретін болдық. Сонда бұл біздің бұрынғылар айтып кеткен бұрымды қыздарымыз ба? Әлде...
Бұрым деп әйел адамдардың өрілген ұзын шашын айтады. Бұрым – сұлулықтың сәні деген ата-бабаларымыз қыздарының жас кезінен-ақ бұрымын айрықша күтімге алып, ұзын етіп өсіруге түрлі шөп тұнбаларын, халық рецептерін пайдаланған.