Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде Жолда жүру ережесі «Абайла, балақай!» атты айлығында жүргізілген жұмыс » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде Жолда жүру ережесі «Абайла, балақай!» атты айлығында жүргізілген жұмыс
18
сентябрь
2019

Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде Жолда жүру ережесі «Абайла, балақай!» атты айлығында жүргізілген жұмыс

            Мақсаты: Жолда жүру кезіндегі балалар  арасында  болатын  төтенше  жағдайлардың алдын алу және жол  ережесін қатаң сақтау.

        Мектебімізде,  қыркүйек  айы жолда жүру  ережесін сақтау мақсатында республика  көлемінде  «Абайла, балақай!» атты айлығы ұйымдастырылуда. Айлыққа жеке жоспар құрылып, жоспарға сәйкес жұмыстар жүргізілуде.

       Атап айтар болсақ,  1-8 сыныптар арасында  мектеп пен үй аралығындағы жол сызбасын (күнделіктің алғашқы бетіне  желімдеу) жасалды.

1-8 сыныптар арасында  «Жолда  жүру  ережесі заңды тәртіп» тақырыбында   сынып сағаттары  өтті.  Ал, 17.09.19ж күні  бастауыш  сыныптары  арасында  Алатау  аудандық  Полиция басқармасы  Жергілікті полиция  қызметі бөлімінің қоғамдық тәртіпті  сақтауды және жол  қауіпсіздігін қамтамасыз етуді  ұйымдастыру  тобының аға  инспекторы , полиция  майоры Асемкараева  Айгул Бейсенбайқызы, полиция капитаны Есмухаметов  Дарын Еркінұлы және Әкімшілік полиция  бөлімінің мемлекеттік авто инспекторы, полиция  капитаны Табеев Қуаныш Комунурович мырза, сонымен қатар жергілікті полиция қызметі бөлімінің Ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторы, полиция  капитаны Меирманов Қуаныш Болысбекұлы және Жол патрульдік  полиция полкінің қызметкерлері, полиция аға лейтенанты Тоқтасынов Санат Қанатұлы, полиция аға  сержанттары Нукетаев Азат пен Джаменкеев Нұрланның    қатысуымен   «Жолда  жүру  ережесін  сақта!»  тақырыбында  түсіндірмелі  жұмыстар  өткізілді. Құқық  қорғау  қызметкерлері оқушыларға  жолда  жүру  ережесімен  таныстырып,   жол  белгілері  туралы  түсіндіріп өтті. Түсіндірмелі  жұмыстың  аясы  республика  көліміндегі  теле бағдарламада жарық  көрді.

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: