«1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» орай өткізілген іс – шаралар » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» орай өткізілген іс – шаралар
30
ноябрь
2018

«1 – желтоқсан Тұңғыш Президент күніне» орай өткізілген іс – шаралар

Алматы  қаласы  Алатау  ауданы 

№169 мектеп – лицейі  бойынша         

               «1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген    іс – шаралардың 

АНЫҚТАМАСЫ


        Мақсаты: Оқушыларды еліміздің  тарихымен, мемлекеттік рәміздерімен таныстыру. Патриоттық тәрбие беру, өз елін, Отанын сүюге, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеп, қастерлеу тәуелсіздігіміздің тұғырын биік ұстауға үлес қосуға атсалысуымыз керектігін түсіндіру.


     Мектебімізде,  «1-желтоқсан  Тұңғыш Президент күні»  мерекесіне  орай  мектепішілік  жоспар  құрылып, жоспарға  сәйкес  төмендегідей  жұмыстар  жүргізілді.

     Атап  айтар  болсақ,  мекебіміздің  І қабатына  «1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні» атты  стенд және  қабырға банері  шығарылыды. Ал 1-11 сыныптар  арасында    «Елін  сүйген  Елбасы»  тақырыбында  сынып  сағаттары  өткізілді. Оқушыларға  Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың  өмір жолы мен еңбек  еңбек  жолында  атқарған келелі істерімен  таныстырылды.Н.Ә.Назарбаев бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын тұлға  екендігін айтып өтті.

      Ал 8 «А» сынып  оқушыларымен   «1-желтоқсан  тұңғыш Президент  күні»  тақырыбында  дөңгелек  үстел  ұйымдастырылды. Оқушылар дөңгелек  үстел  барысында  Қазақстан  Республикасының  Тәуелсіздік  алғанан  бергі  өткен қиыншылықтары мен  жеткен  жетістіктері  жайлы  және  Елбасы  туралы  толық  мағлұмат  берді.

        1992 жылдың 4- маусымы –тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Гимнін бекітілгендігі  және  1992 жылы маусымның 5-інде Алматы опера және балет театрында ашық аспан реңдес байрақтан күн мен қыран бүркіт жарқырап көрініп,  еліміздің президенті- Н.Ә.Назарбаев тізесін бүгіп, ұлттық туымызды сүйіп, тағзым еткендігі де  айтылып  өтілді  және Мемлекеттік Ту құтты орнына қондырылды.

     Елбасы өзінің сөзінде: Өрнегі жарасқан тәуелсіздіктің қасиетті Туы мәңгі желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін,- деп тебірене айтқандығын  оқушыларымыз  мақтанышпен  айтты.  Дөңгелек  үстелдің  соңында  Президентіміз  Н.Ә.Назарбаевтың  сөзіне  жазылған   «Елім  менің»  әнімен  аяқталды.

   30.11.2018ж  күні  5-сыныптар  арасында   «Елі  сүйген, елін сүйген  Елбасы»  тақырыбында  ашық сынып сағаты  өткізілді. 

«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар
«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар
«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар
«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар
«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар
«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар
«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар
«1 – желтоқсан  Тұңғыш Президент күніне»  орай  өткізілген  іс – шаралар

 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: