Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды
22
июнь
2023

Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

Алматыда «Алтын белгі» иегерлері марапатталды

Биыл қалада мектепті 14 876 түлек бітіріп, оның 474-і «Алтын белгі» төсбелгісімен марапатталды. Конкурс кезінде үміткерлер грантқа бірдей ұпай жинаса, онда басымдық ерекшелік иесіне беріледі.

«Алтын белгі» жоғары наградасын әрбір түлекке Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева, сегіз аудан әкімі және білім беру саласының ардагерлері табыстады. Салтанатты жиын кезінде түлектердің шеруі өтті. 

Бұған қоса, биыл халықаралық зияткерлік олимпиадалар мен ғылыми жарыстарда 7 алтын, 11 күміс және 23 қола медаль еншілеген мегаполис оқушылары аталды. 

Дәстүр бойынша түлектер қоштасу вальсін биледі. Іс-шара қазақстандық эстрада әншілерінің концертімен аяқталды.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: