№169 мектеп-лицейі туралы мәлімет » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » №169 мектеп-лицейі туралы мәлімет
24
апрель
2023

№169 мектеп-лицейі туралы мәлімет

№169 мектеп-лицейі туралы мәлімет.
№169 жалпы білім беретін орта мектеп 2007жылы 2 сәуірде ашылды. Жалпы білім беретін мектептің білім және тәрбие жетістіктері ескеріліп, Алматы қаласы әкімдігінің 2011 жылдың 19 тамыз күні №3/549 қаулысы негізінде мектеп-лицей статусы берілді. Мектептің жер көлемі - 23244м.кв. Сыйымдылығы - 1000 оқушы. Оқу кабинеттері заманауи технология құрылғыларымен жабдықталған. 3 компьютерлік кабинет, 3 лингафон кабинеті, 200 орынды мәжіліс залы, 200 орынды асхана жұмыс жасайды. Бүгін мектеп қабырғасында 2552 оқушы білім алуда. 102 сынып комплектісі бар. Оның ішінде 22 лицей сыныптары бар. Лицей сыныптар физика, математика, химия, биология бағытында оқытылады. Мектеп-лицейде барлығы 204 мұғалім бар. Оның ішінде педагог  - зерттеуші - 48; педагог - сарапшы -29; педагог-модератор - 38 ұстаздар бар. "Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы" - демекші ұстаздарымыз дайындаған оқушылар жетістіктерге жетуде. Оқушылар қалалық пәндік олимпиада және онлайн режиминдегі қашықтық олимпиадаларына қатысып жүлделі орындар иеленуде. Дарынды оқушылар "Үркер" төсбелігісінің иегерлері атанды. "Дарын", "Зерде" ғылыми жобалар байқауында оқушылар ғылыми жобаларының жаңашылдық қырымен танылып, жүлделі орындар иеленді. Осы уақытқа дейін мектебімізде 50-ге жуық "Алтын белгі" иегерлері бітіріп шықты.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: