Мектепке жол акциясы » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепке жол акциясы
29
август
2016

Мектепке жол акциясы

                      «Мектепке жол» акциясы

       Елбасының оқушылардың толық мектепке баруын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындауда тоғызыншы жыл «Мектепке жол»  атты республикалық акциясы өткізіліп келеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 19 шілдедегі №3-18-3/2509-и хатын орындау бойынша 1-тамыз-30- қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1-қыркүйекке мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге бағытталған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Бақытты балалық  шақ мекені» ұранымен мектебімізде акция ұйымдастырылуда.

     Акция мақсаты - оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, аз қамтамасыз етілген және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1 қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:

Похожие публикации: