Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі
27 қазан күні 1-4 сынып оқушыларынын арасында
Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі тақырыбында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Мектептің әлеуметтік әлеуметтік педагогі З.Оспанов оқушыларға дұрыс тамақтану туралы жан-жақты сұхбат бере отырып ,түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Мақсаты:
- Оқушылардың тамақтану рационың анықтау;
- Дұрыс тамақтанудың денсаулыққа пайдалы екенін көрсету;
- Дұрыс тамақтану әдістерімен рационын ұсыну
Міндеттері:
- Дұрыс тамақтануға, ас адамның арқауы екеніне көзін жеткізу;
- Салауатты өмір сүруге шақыру, баулу;
- Дәрумендер жайында мәліметтер беру;
- Дұрыс тамақтану барысында ұсыныс жасау.
Дұрыс тамақтанудың өзектілігі:
Бүгінгі уақытта балалардың дұрыс тамақтану мәселесі өте маңызды және қоғамда көп талқыланады. Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам үнемі күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін ол дұрыс тамақтана білуі тиіс. Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі.
Дұрыс тамақтану дегеніміз – бұл аз-аздан әр түрлі тамақтарды қабылдау. Оның біреуі қуат берсе, басқалары ағзаның өсуіне көмектеседі. Тамақты жеткіліксіз мөлшерде ішу немесе мөлшерден артық ішу де ағза үшін зиянды, әрі тұтынып жүрген тағамдардың құрамы қаншалықты пайдалы.
Дұрыс тамақтанудың маңыздылығы:
Кәзіргі уақытта оқушының тамағы үйлесімді болу керек. Ас мәзіріне міндетті тұрде азық-түлік құрамына аққуыздар, майлар мен көмірсулар ғана емес, сонымен бірге дәрумендер, минералдар және микроэлементтер кіруі тиіс. Бұл компоненттер бала ағзасы толық жетілуі үшін қажет. Ас мәзірін құрастырғанда баланың өсуі мен дамуын, қоршаған ортаның әсерін, тұлғалық және эмоционалдық қосымша жүктемесі ескеріліп, негізгі тамақ құрамының тепе-тендігі сақталуы керек.
Қорытынды
Заманауи адамның өмірі ақпаратқа толы, шапшаң салтымен ерекешеленеді және жұмыста да, ұйде де айтарлықтай күш салуды талап етеді. Сондықтан, күнделікті рационның адамның ағзасын қөректік заттардың қажетті мөлшерімен қамтамасыз етіп, күшін толығымен қалпына келтіруі аса маңызды. Бұдан менің білгенім: адам–затының салауатты өмір сүруіне қол жеткізу үшін дұрыс тамақтану қажет. Адамдарға өз рационына үлкен көңіл бөліп, оны дұрыс қабылдауына тырысу деп отыра ата-бабаларымыздаң келген, бүгінгі күні көбінесе ұмытылған, «Ас – адамның арқауы» сөзді жеткізгім келеді. Егер денсаулықты қалыптастыратын факторлар: қозғалыс белсенділігі, ауруға қарсы тұру, дұрыс тыныс алу, жүрек бұлшық еттерінің жұмысы, зат алмасу, еңбек пен демалысты ұштастыру және рационалды тамақтану десек, соңғысы бірден бір маңызды орын алып, жоғарыдағы аталған факторлардың орындалуына себепші болады. Ағзамның дұрыс қызмет жасауы үшін, тамаққа керекті басты дәрумендер мен минералдар заттары рационда болу керек. Бала кезде негізгі қаланған тамақтану әдеті өмір бойы сақталатынын ескере отырып, семіздіктің профилактикасын, сақтық жұмыстарын, тиімді тамақтану тәсілін сәбилік шақтан, отбасы ортасында, мектеп қабырғасында үйрету қажет. Сонымен бірге денсаулықтың тамақ ішудегі қанағатшылдық пен белсенді қимылдың арасында да үзілмейтін үйлесім мен байланыс барын есте ұстанған жөн.
Анықтама дайындаган әлеуметтік педагог З. Оспанов