05
май
2025
05.05 күні 9 “Ә”сыныбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран” тақырыбында сынып сағаты өтті.
05.05 күні 9 “Ә”сыныбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран” тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар сынып сағатын әнұранмен бастады, артынша 4 топқа бөлінді. Берілген уақыт ішінде әр топ ақпарат іздеп, өздеріне берілген Ұлы Отан соғысының батырлары туралы білгендерін ортаға салды. Жеңістің оңай келмегендігі, батырларымыздың жанқиярлық ерлігі бейнебаянмен толықтырылды. Сонымен қатар, сынып сағатында халықаралық отбасы күніне орай “Отбасы: дәстүр мен құндылықтың алтын ұясы” тақырыбы да қозғалды. Оқушыларға отбасының рөлі, оның дәстүр мен құндылықтың бастауы екендігі түсіндірілді.#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы #біртұтас @akimat_alatau @alatau_bilim_bolimi @talgat.malybaev @almaty_birtutas_tarbie @birtutas_tarbie2024
