03
май
2025
Оқушылар сарайында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Абайдың 180 жылдығына арналған концерт болып өтті
03.05 күні Алматы қаласы қалалық Оқушылар сарайында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Абайдың 180 жылдығына арналған концерт болып өтті. Концертке ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Европа опера өнерінің магистрі, опера әншісі (баритон) Сүндет Байғожин; пианист, халықаралық байқаулардың жеңімпазы Айшабибі Асқарова, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Марат Айтімбай өнер көрсетті. Концерттік бағдарламада Абайдың ариялары мен романстары, қазақтың дәстүрлі музыкасы, Абай өлеңдері орындалды. Бұл іс-шараға түрлі байқауларда қалалық жетістікке қол жеткізген дарынды оқушылар шақырылды, олардың қатарында болған #169 мектеп-лицейдің 9-сынып оқушылары Тұрсынбай Динара мен Құсайын Асқар ұлттық мәдени мұраны насихаттауға арналған концертті тамашалап қайтты. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы #біртұтас @akimat_alatau @alatau_bilim_bolimi @talgat.malybaev @almaty_birtutas_tarbie @birtutas_tarbie2024
