21
апрель
2025
«Тылда еңбек болмаса, майданда жеңіс болмас еді»
23.04.2025 жылы №169 мектеп-лицейінде 9-сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Тылда еңбек болмаса, майданда жеңіс болмас еді» атты тақырыппен балалық шағы Ұлы Отан соғысы және соғыстан кейінгі кезеңдерге тап болған еңбек ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Оған шақырылған қонақтар: 1.Қармысбаев Серік ата, еңбек ардагері; 2. Шәкиева Бүбіхан апай, ардагерлер бастауыш ұйымының төрайымы, тыл ардагері. Соғыс жылдарында тылда қызмет етіп, майдандағы жауынгерлерге керек-жарағын жеткізіп отырған жас жеткіншектер бүгінгі күні 80 жастан асқан екен. Балалық шақтарындағы естеліктерімен бөліскенде, жанарымызға еріксіз жас келді. Балалар ойларында жүрген сұрақтарын қойып, толық жауап алды, бүгінгі еркін, тәуелсіз, азат елде күн кешіп жатқандарына шүкіршілік етті . Кеш барысында ардагерлерге арналған әсем әндер шырқалып, өлеңдер оқылып, ізгі тілектер айтылды.
«Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен күн-түні еңбек еткен еңбек ардагерлерінің ерліктері мәңгілік есімізде қалмақ!#біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы #біртұтас @akimat_alatau @alatau_bilim_bolimi @talgat.malybaev @almaty_birtutas_tarbie @birtutas_tarbie2024