№169 мектеп-лицейінде «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында дене шынықтыру және спорт саласын дамытуға үлес қосу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында «Көңілді старттар» атты спорттық іс-шара болып өтті. Бұл тамаша шараға 5-11 сынып жетекшілерінен құралған командалар қатысты. Сайыста эстафетаның 4 түрі ұсынылды: 1. Таяқшамен жүгіру 2. Баскетбол добын торға тсіру 3. Кедергілер арқылы жүгіру 4. Секіртпемен секіру арқылы жүгіру Бұл қызықты жарыстың барлық кезеңдері тартысты өтті. Жанкүйерлер мен көрермендер оқиғаның барысын бақылап, қатты қобалжыды. Спорттық ынта мен өз командасының жеңіске деген ұмтылысы команда мүшелерін баурап алғаны сонша, олар айналада не болып жатқанын байқамай қалды. Барлығы мәреге бірінші жету үшін барын салды. «Жеңіс бар да, жеңіліс бар» демекші, ойын барысындағы ұпайлары есептеліп, командалар жүлделі І,ІІ,ІІІ орындармен марапатталды. #біртұтас_тәрбие#біртұтас_тәрбие_алматы#біртұтас@akimat_alatau@alatau_bilim_bolimi@talgat.malybaev@almaty_birtutas_tarbie@birtutas_tarbie2024