«Сын есім»
№169 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Муслимова Шакира Рахаткызы 06.03.2025ж 3 «Ғ» сыныбына қазақ тілінен «Сын есім» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушыларды «Шеринг» әдісі арқылы топқа бөлуі, «ClassDojo» платформасымен үй жұмысын сұрауы ерекше әдіс болды және «Температура өлшеу» әдісімен топтық жұмыс, «Семантикалық карта» таратып жеке жұмыс жүргізді. Балалар сабақ соңында «Classroomscreen» платформасымен рефлекция жасады. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. 
Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:
