4 «Е» сыныбында ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында «Көңілді үзіліс: асық ойыны» ойнатылды. Асық ойыны баланың жастайынан жүйке жүйесін шыңдап, оларды дәлдікке, ұстамдылыққа, байсалдылыққа тәрбиелейді. Ұлдарымыз өздерінің ептіліктерін көрсетіп, ойынды қызыға ойнады.