05.05 күні 9 “Ә”сыныбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік -
05.05 күні 9 “Ә”сыныбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Ерлік - елге мұра, ұрпаққа ұран” тақырыбында сынып сағаты өтті. Оқушылар сынып сағатын әнұранмен бастады, артынша 4 топқа бөлінді. Берілген уақыт ішінде әр топ ақпарат іздеп, өздеріне берілген Ұлы Отан соғысының батырлары туралы білгендерін ортаға салды. Жеңістің оңай келмегендігі, батырларымыздың жанқиярлық ерлігі бейнебаянмен толықтырылды.