Бала құқығы-адам құқығы » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Бала құқығы-адам құқығы
26
ноябрь
2018

Бала құқығы-адам құқығы

Алматы   қаласы Алатау ауданы №169 мектеп – лицейі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес 2018 жылғы 19-30 қараша аралығында Дүниежүзлік балалар күніне орай «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің анықтамасы

Мектебімізде, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында бала құқығы – адам құқығы»   атты онкүндік ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ,  «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында, баяндама, «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сауалнама, « Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында мектеп психологы А.Әшірәлиева мектеп оқушыларына сауалнама жүргізді. Бала әрқашан бала. Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды? , «Сен өз құқығыңды қалай түсінесің?» деген сияқты сұрақтардан тұрды. Оқушылар өз ойларын білдірді.      8 «Г» сынып оқушыларымен мектеп инспекторы Л.Жампейісова  «Бала құқығы – адам құқығы» атты кездесу өтті. Кездесу барысында сынып оқушылары көкейдегі сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.

Мектеп инспекторы Л.Жампейісова өз сөзінде, 16 - 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.        Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жататынын айтып өтті. 
Бала құқығы-адам құқығы
Бала құқығы-адам құқығы

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: