«Еңбекпен ел көгерер»

Өткізілген уақыты: 2025 жылдың қыркүйек айы
Іс-шараның тақырыбы: «Еңбекпен ел көгерер»
Қатысушылар: 2-сынып оқушылары
2025 жылдың қыркүйек айында кітапханада «Еңбекпен ел көгерер» тақырыбында 2-сынып оқушыларымен кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде еңбектің адам өміріндегі маңызы туралы қызықты және тәрбиелік мәні зор кітаптар қойылды.
Оқушылар еңбекқорлық, адалдық, тәртіп, еңбектің нәтижесі жайлы әңгімелер мен ертегілермен танысып, кітаптардың мазмұны арқылы еңбектің адам өміріндегі рөлін түсінді.
Көрменің мақсаты:
Балаларды еңбекті сүюге, үлкендердің еңбегін құрметтеуге, өз ісіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Кітап көрмесіне келген оқушылар еңбектің жемісін көрсететін тамаша туындылармен танысып, өз ойларымен бөлісті. Іс-шара оқушылардың кітапқа, еңбекке деген сүйіспеншілігін арттыруға ықпал етті.