Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде 14.03.2023 жылы 2-сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында өткен іс-шара Іс-шараның ма » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде 14.03.2023 жылы 2-сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында өткен іс-шара Іс-шараның ма
03
апрель
2023

Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде 14.03.2023 жылы 2-сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында өткен іс-шара Іс-шараның ма

Алматы қаласы Алатау ауданы №169 мектеп-лицейінде 14.03.2023 жылы 2-сыныптар арасында «Оқуға құштар мектеп жобасы» аясында өткен іс-шара
Іс-шараның мақсаты: Оқушылар арасында кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, балалардың кітапқа деген ынтызарлығын ояту, балалар жазушыларының шығармаларын көпшілікке насихаттау.
2 «Д» сынып оқушысы Әбіл Аяна және Рахымбек Аяужан «Ұстазым» әнімен іс-шараны бастады. 2 «А» сынып оқушылары «Жолбарыс пен түлкі» ертегісінен көрініс көрсетті. Сынып жетекшісі: Кулумканова Ұлбосын Қалыққызы
Ауыз әдебиеті ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы болғандықтан, айтыс өнерін насихаттау үшін 2 «Ә» және 2 «В» сынып оқушылары Даниярұлы Ерасыл және Чин Ксения өз өнерлерін көрсетті. Сынып жетекшісі: Токтамбетова Зарина және Шортанбаева Мадина.
2 «Ә» сынып оқушысы Бекежан Нұршуақ қазақ биін биледі. 2 «Б» сынып оқушысы «Наурыз» жырын жырлады. 2 «А» сынып оқушысы Сәукеле Нұрасыл «Өнерге ғашық боламын» әнін орындады. 2 «Г» сынып оқушылары «Бесікке салу» рәсімін көрсетті.Сынып жетекшісі: Райхан Айгерім Сейілханқызы. 2 «Ғ», 2 «Д» сынып оқушылары «Ұр торпақ» ертегісінен көрініс қойды. Сынып жетекшілері: Айдарова Назерке және Рахымбек Аяужан. 2 «Ж» сынып оқушылары «Байлық пен ақыл» ертегісінен көрініс қойды. Сынып жетекшісі: Калиева Жадыра. 2 «Е» сынып оқушылары Ы.Алтынсариннің «Шеше мен бала» әңгімесінен көрініс қойды. Сынып жетекшісі: Жуманазарова Төрегүл. 2 «З» сынып оқушысы Бақыт Айару А.Байтұрсынұлының «Оқуға құштар» өлеңін мәнерлеп оқыды. Сынып жетекшісі: Оразова Сандуғаш.
Іс-шараны бастауыш сынып мұғалімі Оразова Сандуғаш Диханқызы «Анамның тілі» әнімен қорытындылады.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: