Кітап – нәзік те, тұнық әлем. » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Кітап – нәзік те, тұнық әлем.
25
октябрь
2021

Кітап – нәзік те, тұнық әлем.

Кітап – нәзік те, тұнық әлем. Кітап – білімнің түпсіз аспаны, терең бастауы. Ұлтымыздың мерейі мен деңгейі, қоғам мен мемлекетіміздің өркенін өсіруде қыруар пайда келтіретін осынау рухани қазынамыз – кітап. Ал кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беретін, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы–кітапханашылар. Қызығы мен қиындығы мол кітапханашы мамандығы туралы бір-ақ ауыз сөзбен жеткізу мүмкін емес, жұрт көп біле бермейтін, көп елене бермейтін, бірақ дүйім оқырманның кітап жайлы бағыт-бағдар алуы үшін жан –тәнімен беріліп қызмет атқарып жатқан кітапханашылардың еңбегі ұшан-теңіз. Осы орайда "15 қазан Кітапханашылар күні" мерекесімен №169 мектеп-лицейінің кітапханашылары Султанова Ләйлә Султанқызы мен Садыбаева Фаризада Ділдабекқызын және Алатау ауданы білім беретін мектептерінің кітапханашыларын төл мерекелерімен құттықтаймыз. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, жұмыста толағай табыстар тілейміз! 🌹🌹🌹
https://www.instagram.com/p/CVCYcTbIwYR/?utm_=share_sheet 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: