Алматы қаласы,Алатау ауданы № 169 мектеп-лицейінде ерекше кездесу өтті! Бүгін мектебімізге психологиялық қолдау орталығының маманы Гуля Қойшыбаевна келіп, 11-сынып оқушыларымен психологиялық тренинг жүргізді. Тренинг барысында оқушылар өз эмоцияларын басқару,стресспен күресу,алдағы ҰБТ мен өмірлік маңызды шешімдерге дайындалу тәсілдерін үйренді. Жылы қарым-қатынас пен сенімді ортада өткен кездесуде оқушылар өздерін ашық әрі еркін сезінді.