Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Атадан өсиет,анадан қасиет”
21
апрель
2025

«Атадан өсиет,анадан қасиет”

Дүйсенбі: патриоттық күн. 9 «А» сыныбында «Атадан өсиет,анадан қасиет” тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Қауіпсіздік сабағы: «Кәмелетке толмаған бала заңды жауапкершілікке тартылуы мүмкін бе?»
Мақсаты:
Білім алушыларға отбасы құндылықтарының маңызын түсіндіру, ата-ана тәрбиесінің рөлін ұғындыру, үлкендердің өнегелі сөзі мен ананың мейірімін бағалай білуге тәрбиелеу. Ұлттық салт-дәстүрлерге, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге баулу.
Апта дәйексөзі: Болашағы зор мамандықтар жоқ, тек болашағы зор мамандар бар.
Сабақ «Менің Қазақстаным» атты гимн орындаумен басталды.
Өздеріңіз көріп тыңдап отырғандай қазақ халқы болашағын ойлап отырып, ақылдың кені қариялар сөзіне ерекше мән берген. Сөз мағынасын ой елегінен өткізіп, тәрбиелік мәнімен зер алған. Сол арқылы, жанама тұспалдау арқылы, қоғам мүшелерін тәртіпке шақырып отырған.
Оған дәлел ретінде би-шешендердің аталы сөздері, тыйым сөздер талданды: «Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез», «Жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!».
Ана тәрбиесі – тектілік тәрбиесі екені баршамызға аян. Себебі, бабамыз ер-азамат — түздің адамы, әйел — тәрбие беруші, отбасы, ошақ -қасының жылуы деп қарап, негізгі тәрбиені анаға артқан. Қазақта «Ана көрген-тон пішер», «Анадан өнеге көрмеген қыз жаман» деген мақалдар осыдан қалса керек.
Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезов көкөрім жастарға қарап отырып, «Біз базардан қайтып бара жатырмыз, ал сендер базарға келе жатқан ұрпақсыңдар» деген екен. Олай болса, бүгінгі мектеп қабырғасындағы жасөспірімдеріміз ертең бұралаң жолға түсіп кетпес үшін, атадан қалған асыл сөздерімізді ойымызға түйіп, санамызда сақтап жүрейік деген тоқтамға келдік. #біртұтас_тәрбие #біртұтас_тәрбие_алматы #біртұтас @akimat_alatau @alatau_bilim_bolimi @talgat.malybaev @almaty_birtutas_tarbie @birtutas_tarbie2024 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: