Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » “Жасанды интеллект бізді ақымақ ете ме?” дебат
20
февраль
2025

“Жасанды интеллект бізді ақымақ ете ме?” дебат



      • 20.02.2025 жылы Алатау ауданы, 169 мектеп-лицейде 9 сыныптар арасында “Жасанды интеллект бізді ақымақ ете ме?” тақырыбында 9 “А” сыныбынан құралған “Alt-A” фракциясы және 9 “Ә” сыныбынан құралған “Beta-Better” фракциясы арасында дебат өтті. Дебат қарары қазіргі таңда өте өзекті мәселені қозғай отыра жастардың ЖИ деген көзқарасын анықтады. Қарсылас оппоненттер өздерінің ойын анық әрі жүйелі түрде аргументтей алды. Іс-шараның мақсаты: оқушылар арасында сөз мәдениетін дамыту, сахнада көпшілік арасында сөйлеуге деген ынтасын күшейту және дебат шеберлерін тәрбиелеу. Дебат ұйымдастырушысы тарих пәні мұғалімі Нұрсадық Аяулымның қолдауымен қатысушыларға жүлделі номинациялар мен сыйлықтар табысталды. Оқушыларға табыс және болашақ дебаттарда табыс тілейміз! #дебат #9сыныпдебат #біртұтас_тәрбие #сөзмәдениеті #жасандыинтеллект

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: