10
январь
2025
“Мен оқыдым, саған да кеңес беремін” атты кітап оқу байқау
10.01.2025ж. Алатау ауданы #169 мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аширбекова Назгүл Нұрлыбайқызы “Оқуға құштар мектеп” жобасы аясында “12 айда 12 кітап” бастамасын ұсынып, “Мен оқыдым, саған да кеңес беремін” атты кітап оқу байқауын өткізді. Байқаудың мақсаты- оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру. Оқуға ұсынылған алғашқы кітап- ұлттық құндылықтарды дәріптейтін З. Ахметованың “Шуақты күндер” шығармасы. Кітап оқу байқауына қатысқан 9Ә сынып оқушылары шығармадан оқып-түйгендерін ортаға салып, мазмұнын терең түсінгендерін байқатты.

