Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Бүгін мектебімізде жаңа 2025–2026 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі өтті.
03
сентябрь
2025

Бүгін мектебімізде жаңа 2025–2026 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі өтті.

Бүгін мектебімізде жаңа 2025–2026 оқу жылының №1 педагогикалық кеңесі өтті.
Кеңестің басты мақсаты – мемлекеттік білім беру саясатын жүзеге асыруда біртұтас көзқарасты қамтамасыз етіп, алдағы оқу жылындағы негізгі міндеттерді айқындау болды.

Кеңесті мектеп директоры Алмагамбетова П.О. ашып берді.
Жиын барысында:
🔹 ҚР Президенті мен Оқу-ағарту министрінің білім саласына қойған жаңа талаптары мен міндеттері түсіндірілді.
Бұл бағытта Алматы қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің бас маманы Қайранбаева Айжан Түсіпбекқызы және «ӨРЛЕ-EDUCATION» республикалық оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары, халықаралық тренер Аюпова Назым Алиятқызы мазмұнды баяндама жасады.

🔹 2025–2026 оқу жылына арналған Әдістемелік-нұсқау хаттың ерекшеліктері, білім беру ұйымының басым бағыттары талқыланып, мектептің жылдық жұмыс жоспары бекітілді.

🔹 Сондай-ақ академиялық адалдықты сақтау ережелері, мектептің ұйымдастырушылық-шаруашылық қызметі қарастырылды.

Педагогикалық кеңес нәтижесінде жаңа оқу жылындағы ұжымдық мақсаттар нақтыланып, бірлескен жұмыс бағытымыз айқындалды ✅ #педкеңес2026#педкеңес169

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: