10
декабрь
2025
«Екінші өмір»* атты сәндік-қолданбалы өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
0.10.2025ж. Алатау ауданы білім бөлімінің ұйымдастыруымен №169 мектеп-лицейі базасында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында *«Екінші өмір»* атты сәндік-қолданбалы өнер байқауының аудандық кезеңі өткізілді.
✅Байқаудың мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін арттыру, тұрмыстық қалдықтарды қайта қолдану арқылы шығармашылық ойлау мен қолөнер дағдыларын дамыту.
Іс-шара барысында қатысушылар ескі заттарға жаңа өмір сыйлау арқылы, өздерінің шығармашылық жұмыстарын көрсете білді. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар қалалық кезеңге ұсынылды.
Жоғарғы жас санаты бойынша Бахтиер Мадияр І орын иегері атанды. Жетекшісі: Муканов Байкадам Талгатович.