Школа 169 » Ақпарат » “Бүгінгі бала-ертеңгі тұлға” тақырыбында ашық есік күніне шақырамыз!
“Бүгінгі бала-ертеңгі тұлға” тақырыбында ашық есік күніне шақырамыз!
📣 Құрметті ата-аналар!
Сіздерді мектебімізде өтетін “Бүгінгі бала-ертеңгі тұлға” тақырыбында ашық есік күніне шақырамыз!
📝 Бұл күн – сіздің балаңыздың білім алып жатқан ордасымен жақынырақ танысып, оқу процесін өз көзіңізбен көріп, ұстаздармен пікір алмасуға таптырмас мүмкіндік.
📬 Ашық есік күні аясында сіздер ⬇️
Мұғалімдермен еркін әңгімелесіп, оқу барысы жайлы сұрақтар қоя аласыздар.
📝 Сіздердің қолдауларыңыз – балларыңыздың жарқын болашағы мен табысты оқуына үлкен серпін береді. Бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ана арасындағы сенімді байланыс аса маңызды екенін ескере отырып, осы кездесуге баршаңызды шақырамыз!
📍Ізгі тілекпен: Мектеп әкімшілігі
🗓 Іс-шара өтетін күні: 17.05.2025
🕒 Басталуы: сағат 10:00
📌 Мекенжайы: Шаңырақ 1, Өтемісова 109.
№169 мектеп-лицейі
Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:
