Ата-аналар назарына!
Ата-аналар назарына!
Алматы қаласы Білім басқармасының «№169 мектеп-лицей» КММ әкімшілігі 2024-2025 оқу жылындағы 24- мамыр соңғы қоңырау, аттестаттау кезеңінде, соның ішінде 4,9,11 сынып бітірушілері қатысты келесі маңызды ескертулерді назарларыңызға ұсынады:
Педагогикалық этика мен сыбайлас жемқорлыктың алдын алу мақсатында мұғалімдерге қандай да бір сыйлық ұсынуға, ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Аниматорлар, студиялар мен агенттіктерді шақыру.
Мектептің ішкі жөндеу жұмыстарына қажетті санитарлық-шаруашылық заттарды сатып алу мақсатында білім алушылардан ақша жинауға қатаң тыйым салынады.
Окушылардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында автокөлік шеруіне
шығуға, ойын-сауық орталықтарына, мейрамханаларға, дәмханаларға
және басқа да орындарға баруға рұқсат етілмейді. Мектеп ішінде немесе мектептен тыс жерде ата-аналар тарапынан мерекелік дастархан ұйымдастыруға, қаражат жинауға тыйым
салынады. Қорытында аттестаттау барысында мектеп формасын сақтап, тәртіпті, жауапкершілікті болу - әрбір оқушы үшін міндет
Ескерту:
Аталған талаптар 4,9,11 сынып оқушылары мен ата-аналарына бірдей дәрежеде қатысты. Бұл шектеулер - сыбайлас жемқорлыктың алдын
алу, педагогикалық этика мен әділдікті сақтау.
Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы:
