Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа айтқан үндеуінен » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа айтқан үндеуінен
06
апрель
2024

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа айтқан үндеуінен

Елімізде қазір қиындықтар болып жатқанын білесіздер. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының халыққа айтқан үндеуінен де хабардарсыздар. “Су тасқыны – табиғи апат. Мұндай ахуал ұзақ жылдан бері болмаған. Бұл көлемі жағынан соңғы 80 жылдан бергі ең ірі табиғи апат деуге болады”, – деген мемлекет басшысының сөзінен-ақ жағдайдың қиын екенін аңғарып отырсыздар. Қазақстанның он аймағында – Абай, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында төтенше жағдай жарияланды. Бірақ еліміздің басшысы ең бастысы азаматтардың амандығы екенін, осы жағдайдың бәрін қолға алып, су тасқынынан зардап шеккен әрбір адамға көмек берілетінін, шығынның толық өтелетінін айтып өтті және бақылауда ұстайтынын хабарлады. Осы орайда су тасқынынан зардап шеккен жандарға сабыр сақтауын, Үкімет басшысы берген тапсырманың орындалуына сеніммен қарауын айтқым келеді.

Осындай қиын сәтте халықтың көмек қолын созып, еліміздің бүкіл жерінен берілген көмекке алғыс білдіремін. “Қиындықта қол бергеннен асқан берік достық жоқ” деп айтқандай, зардап шеккен халыққа көмегін аямаған құтқарушыларға, тәртіп сақшыларына, еріктілерге, апатпен күресуге атсалысып жатқан әрбір жанға алғыс айтамын. Бұл қиындықты халықпен бірге жеңеміз деп сеніммен айта аламын.

Қасым-Жомарт Кемелұлы БАҚ өкілдеріне, белсенді азаматтарға және блогерлерге жұртты дүрбелеңге салатын жалған ақпараттарды таратпауын айтып өтті. Азаматтарды тек қана ресми ақпарат көздеріне сүйенуге шақырды.

Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Көк туымыз көгімізде желбірей берсін!
https://www.instagram.com/p/C5bMgyDtddR/?igsh=MWk2YmZiOG1wM3N6dg%3D%3D 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: