2023-2024 оқу жылы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023-2024 оқу жылы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ
01
март
2024

2023-2024 оқу жылы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ ХАТ

Құрметті әріптестер!

2023-2024 оқу жылында Қазақстан Республикасының орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы осы әдістемелік нұсқау хат қолданыстағы заңнаманы ұстануға, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларын іске асырудың бірыңғай тәсілдерін қалыптастыру мақсатында әзірленді.
Әдістемелік нұсқау хат келесі нормативтік құжаттар мен әдістемелік ұсынымдарды қамтиды:
  • 2023-2024 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі оқу процесін реттейтін негізгі нормативтік құжаттарға сілтемелер;
  • құндылыққа бағдарланған, құзыреттілік, STEAM/ STEAM педагогикалық тәсілдерді іске асыру бойынша ұсыныстар;
  • пәндерді оқытуда функционалдық сауаттылықты (оқу және жазу сауаттылығы, математикалық, ғылыми жаратылыстану сауаттылығы) қалыптастыру бойынша ұсыныстар;
  • пәндік, метапәндік және түйінді құзыреттерді; цифрлық құзыреттер мен дағдыларды дамыту бойынша ұсынымдар.
Білім беру процесінде білім алушы басты назарда тұруы тиіс. Барлық оқыту процесі оған қолайлы әрі қауіпсіз орта құруға бағытталуы қажет.
Алдағы оқу жылында үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыс жасау өзекті міндет болады.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезіндегі басым бағыт – балаға қамқорлық пен құрмет көрсету, сенім арту, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету, оларды кемсітуге жол бермеу болып табылады.
Құрметті ұстаздар! Бұл әдістемелік нұсқау хат Сіздерге алдағы оқу жылында білім беру процесін сапалы ұйымдастыруда тиімді әрі пайдалы болады деп сенеміз.
 
  • Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасын, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасын құрайды.
  • 1-2-сыныптарда «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері, 3-4-сыныптарда – «Көркем еңбек» кіріктірілген пәні оқытылады.
²  Оқыту қазақ тілінде жүргізілетін мектептердің 1-сыныбында «Әліппе»,
«Ана тілі» пәндері оқытылады, 2-сыныбында «Орыс тілі» пәнін оқыту басталады.
²  Жоғары сыныптарда ағылшын тілінен оқу жүктемесі 1 сағатқа артады.
  • Негізгі орта (5-8-сыныптар), жалпы орта (10-сынып) білім беру деңгейлерінде академиялық жылды аяқтаған соң қазақ тілінен емтихан тапсыру енгізіледі.
  • Экологиялық білім беру сапасын арттыру: экологиялық проблемаларды шешуде білім алушылардың практикалық дағдыларын дамытуға арналған зертханалық, зерттеу, жобалық жұмыстарды ұйымдастыру.
  • Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты күшейту.
  • Білім беру ұйымдарында тұтас тәрбие бағдарламасын енгізу.
  • Домбыра тарту бойынша факультативтік курстар өткізу, мектептердегі шахмат секцияларының желісін кеңейту.
  • Мерейтойлар мен атаулы күндерге арналған сыныптан тыс іс-шараларды ұйымдастыру.
²  Мектептердің ата-аналар қауымдастығымен өзара іс-қимылын нығайту,
«Ата-аналарды педагогикалық қолдау» орталығын құру.
²  Педагогтерге арналған «Цифрлық кітапхана» жобасын жүзеге асыру.
  • «Үздіктен   үйрен»   жобасын   іске    асыру:   «Үздік   педагог»   байқауы жеңімпаздарының озық педагогикалық тәжірибесін дәріптеу
  • «Білім   беруді   өзгертудегі  1000  көшбасшы»  республикалық  кадрлық резервтің деректер қорын жасау.
 2023-2024 оқу жылында білім беру ұйымдары білім беру процесін іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, «Педагог мәртебесі туралы», «Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» және т.б., Заңдарды және басқа да заңнама актілерін басшылыққа алуы және оқыту процесін келесі нормативтік құжаттар негізінде жүзеге асыруы тиіс:
1.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, 23.09.2022 ж. № 406 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029031);
2.«Қазақстан Республикасында бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 8.11.2012 ж. № 500 бұйрығы, 18.08.2023 ж. № 264 бұйрығымен енгізілген өзгерістері
мен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029136
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029916)
3.«Жалпы білім беру ұйымдарына арналған жалпы білім беретін пәндер, таңдау курстары мен факультативтер бойынша үлгілік оқу бағдарламаларын бекіту туралы» (ҚР     Оқу-ағарту    министрінің    16.09.2022ж.    №399 бұйрығы 21.11.2022 ж.     № 467, 05.07.2023 ж.  № 199
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029767
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200030654)
4.«Білімді ұлт. Сапалы білім» Ұлттық  жобасын бекіту
туралы»       (Қазақстан       Республикасы       Үкіметінің 12.10.2021ж. №726 Қаулысы)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P 2100000726)
5.«Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің үлгілік ережелерін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 18.03.2008 ж. № 125 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 13.04.2023 ж.
№96 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2300032306)
6.«Орта білім беру ұйымдарына арналған оқулықтардың, мектепке дейінгі ұйымдарға, орта білім беру ұйымдарына арналған оқу-әдістемелік кешендердің, оның ішінде электрондық нысандағы тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.05 2020 ж № 216 бұйрығы, ҚР Оқу- ағарту министрі м.а. 22.05.2023 ж. №140 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен, жаңа редакцияда - ҚР Оқу-
ағарту министрінің 03.07.2023 ж. № 194 бұйрығымен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2000020708
7.«Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта,
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, мамандандырылған, арнаулы білім, жетім балалар
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200029329)
 

мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, балаларға және ересектерге қосымша білім беру ұйымдарының үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту
министрінің 31.08.2022 ж. №385 бұйрығы)

8.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің, сондай-ақ кредиттік оқыту технологиясын есепке алғандағы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 27.11.2017ж. №596 бұйрығы, 05.07.2023 ж. №197 бұйрығымен енгізілген
өзгерістермен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1700016138);
9.«Мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сондай- ақ арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жарақтандыру нормаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 22.01.2016 ж. №70 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту
министрінің 03.07.2023 ж. №193 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013272)
10.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 27.01.2016 ж. №83 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 30.12.2022ж.
№533 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013317)
11.«Білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын
және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы» (ҚР БҒМ 17.06.2015ж. №391 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1500011716)
12.«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын ротациялауды жүргізу қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 11.11.2021 ж. №559 бұйрығы, ҚР Оқу-
ағарту министрінің 12.12.2022 ж. №492 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2100025128);
13.«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 21.02.2012 ж. № 57 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту
министрінің 22.12.2022 ж. № 513 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1200007495);
14.«Мамандандырылған білім беру ұйымдарының желісін және дарынды балалармен жұмыс жөніндегі оқу- әдістемелік кеңес туралы ережені бекіту      туралы» (ҚР БҒМ 1.07.2015 ж. № 428 бұйрығы, 02.02.2022 ж.
№34 бұйрығымен енгізілген өзгерістермен)
https://online.zakon.kz/Docum ent/?doc_id=31730757)
 
15.«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 6.04.2020 ж. № 130 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 17.03.2023 ж.
№68 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2000020317)
16.«Қашықтықтан білім беру технологиялар бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР БҒМ 20.03.2015ж № 137 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» (ҚР БҒМ 3.11.2021 ж. №547 бұйрығымен
енгізілген өзгерістермен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1500010768)
17.«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, орта білім беру ұйымдарында педагогикалық кеңес қызметін ұйымдастырудың және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ міндетін атқарушының 16.05.2008 ж. №272 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы» 02.04.2020 ж. № 125 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2000020292
18.«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық- эпидемиологиялық           талаптар»                                            санитариялық қағидалары (ҚР Денсаулық сақтау министрінің
05.08.2021 ж. № ҚР ДСМ-76 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2100023890)
19.«Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімшелеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ
29.01. 2016 ж №122 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013418)
20.«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 4.05.2020 ж.
№175 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 27.08.2022 ж. № 384 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V 2200029446)
21.«Үздік педагог» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 16.01.2015 ж. №12 бұйрығы, ҚР Оқу- ағарту министрінің 09.08.2022 ж. №355 бұйрығымен
енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V15H0010279)
22.«Педагогтердің біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ педагогтің қызметін курстан кейінгі қолдау қағидалары» (ҚР БҒМ 28.01.2016 ж. №95 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 3.10.2022 ж. №415 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013420);
23.«Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы» (ҚР БҒМ 14.01.2016 ж. №26 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту
министрінің 30.12.2022 ж. №534 бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013085);
24.«Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің
жалпы    білім     беретін    оқу    бағдарламаларын    іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1800017553)
 

үлгілік қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.10.2018 ж. №564 бұйрығы, ҚР Оқу-ағарту министрінің 05.08.2022 ж. №350 бұйрығымен енгізілген
өзгерістерімен)

25.«Орта білім беру ұйымдарында сынып жетекшілігі туралы ережені бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2016 ж.
№18    бұйрығы,    31.05.2022    ж.    №251            бұйрығымен енгізілген өзгерістермен)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V1600013067);
26.«Жеңімпаздары, жүлдегерлері және оларды дайындаған педагогтер бюджет қаражаты есебінен біржолғы сыйақымен көтермеленетін жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың тізбесін бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 20.07.2022
жылғы №333 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2200028915);
27.«Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының             (ғылыми             жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін және оларды іріктеу өлшемшарттарын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 7.12.2011 жылғы № 514 бұйрығы,
жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің м.а. 17.08.2022 ж. № 371 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V 1100007355
28.«Білім беру деңгейлері бойынша сапаны қамтамасыз ету
жөніндегі    басшылықты   бекіту    туралы»    (ҚР    БҒМ 23.06.2022 ж. №292 бұйрығы)
https://online.zakon.kz/Docum ent/?doc_id=37431780)
29.«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің террористік тұрғыдан осал объектілерді және білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерді терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі
нұсқаулықты бекіту туралы»(ҚР БҒМ 30.03.2022 ж. № 117 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V 2200027414)
30.«Ерекше      білім      беру      қажеттіліктерін      бағалау
қағидаларын бекіту туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №4 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V 2200026618/compare
31.«Білім         беру         ұйымдарында                    психологиялық- педагогикалық                    қолдап    отыру             қағидаларын    бекіту
туралы» (ҚР БҒМ 12.01.2022 ж. №6 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/rus/docs/V 2200026513/compare
32.Педагогтің жұмыс уақыты мен демалыс уақыты режимінің ерекшеліктерін айқындау қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Білім және
ғылым министрінің 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 153 бұйрығы)
https://adilet.zan.kz/kaz/docs/ V2000020449

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: