📑 БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📑 БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ
05
февраль
2024

📑 БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

📑 БІРІНШІ СЫНЫПҚА БЕРУ ҮШІН ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ МЕРЗІМІ 31 ТАМЫЗҒА ДЕЙІН ҰЗАРТЫЛДЫ

🖇 Оқу-ағарту министрлігі ата-аналардың өтініші бойынша білім беру ұйымдарына қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізді.

🧑‍🏫 Егер бұрын бірінші сыныпқа қабылдау мерзімі сәуірдің 1-нен тамыздың 1-не дейін жүзеге асырылса, енді баланың ата-анасынан немесе өзге де заңды өкілдерінен бірінші сыныпқа құжаттарды қабылдау күнтізбелік ағымдағы жылдың сәуірдің 1-і мен тамыздың 31-і аралығында өтеді.

🔁 Тек демалыс кезінде ғана мектептен мектепке ауысуға шектеу алынды. Осылайша, жаңа ережелерге сәйкес, балаларды тұрғылықты жері бойынша оқу жылы ішінде мектептен мектепке ауыстыру мүмкіндігі бар.

📆 Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына қабылдау кезеңі тамыздың 25-і аяқталуына байланысты білім алушылардың өтініштерін оныншы сыныпқа қабылдау мерзімі тамыздың 15-нен тамыздың 31-не өзгертілді. Колледжге қабылданбаған білім алушылар мектептің 10-11 сыныптарында оқуын кедергісіз жалғастыра алады.
https://www.instagram.com/tv/C2zUIb9IauZ/?igsh=dmphMjZ1NmoxNmhx

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: