Жер сілкінісі кезінде не істеу керек? » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?
23
январь
2024

Жер сілкінісі кезінде не істеу керек?

https://www.instagram.com/p/C2buV8FtE0U/?igsh=MWp2dW4zamNnd3hnNw==
Жер сілкінісіне әрдайым дайын болу қажет
Жер сілкінісі қашан болатыны белгісіз, сондықтан үнемі дайындық үстінде болу керек. Ол үшін төмендегі кеңестерге сүйенген жөн:
-Үйде, жұмыс орнында, мектепте, көшеде қауіпсіз орындарды бағдарлау;
-Отбасы мүшелерімен жер сілкінгенде не істеу керек екенін талқылап, алғашқы медициналық көмек беру ережесін үйрену;
-Дәрі қорабын дайындау және ондағы дәрі-дәрмекті қолдану ретін білу;
-Құжат, ақша, қалта шамын үнемі ыңғайлы орынға қою;
-Кереуетті терезе мен қабырғалардан алшақ орналастыру;
-Үйге кіретін жолды жиһаздармен, өзге заттармен бөгемеу;
-Шкафтар мен сөрелерді шегелеп бекіту, үстіне ауыр заттар қоймау;
-Улы химикат, тез тұтанатын сұйықтық секілді қауіпті заттарды жақсы оқшауланған сенімді орында сақтау.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: