Сортировать статьи по: дате | популярности | посещаемости | комментариям | алфавиту

Бала құқығы-адам құқығы

Автор: admin от 26-11-2018, 01:10, посмотрело: 32

Алматы   қаласы Алатау ауданы №169 мектеп – лицейі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің хатына сәйкес 2018 жылғы 19-30 қараша аралығында Дүниежүзлік балалар күніне орай «Бала құқығы – адам құқығы» атты онкүндіктің анықтамасы

Мектебімізде, оқушыларға патриоттық тәрбие беру мақсатында бала құқығы – адам құқығы»   атты онкүндік ұйымдастырылды.

Атап айтар болсақ,  «Бала құқығы – адам құқығы» тақырыбында, баяндама, «Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында сауалнама, « Құқықтық тәрбиенің қоғамдағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

«Өз құқығыңды білесің бе?» тақырыбында мектеп психологы А.Әшірәлиева мектеп оқушыларына сауалнама жүргізді. Бала әрқашан бала. Конвенция - Бала құқығының әлемдік Конституциясы. Халықаралық шарт бойынша бала деп кімді санайды? , «Сен өз құқығыңды қалай түсінесің?» деген сияқты сұрақтардан тұрды. Оқушылар өз ойларын білдірді.      8 «Г» сынып оқушыларымен мектеп инспекторы Л.Жампейісова  «Бала құқығы – адам құқығы» атты кездесу өтті. Кездесу барысында сынып оқушылары көкейдегі сұрақтарын қойып, ойларымен бөлісті.

Мектеп инспекторы Л.Жампейісова өз сөзінде, 16 - 17 жастағы жоғары сынып оқушыларын жасөспірім деп атаймыз. Конвенцияның бірінші бабын оқып көрейік: 18 жасқа толмаған әрбір адамзат иесін бала деп санау шартты мақсат. Яғни, 18 жасқа толмаған жасөспірім, жеткіншек те Конвенцияда атап көрсетілген бала құқығын пайдалана алады.        Бала құқықтары туралы Конвенцияға сәйкес, олардың әрқайсысы өзінің даралығын сақтауға құқылы. Даралықтың белгісіне оның есімі, тегі, әкесінің аты жататынын айтып өтті. 
Бала құқығы-адам құқығы
Бала құқығы-адам құқығы

Категория: Әкімшілік

 

Әкімшілік

Автор: admin от 21-09-2016, 07:03, посмотрело: 365

Әкімшілік

Категория: Әкімшілік

 

"Мектепке жол" жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы

Автор: admin от 6-08-2018, 04:23, посмотрело: 226

0

 "Мектепке жол" жалпыреспубликалық қайырымдылық акциясы

        Елбасының тапсырмасын орындауда жыл сайын "Мектепке жол" атты республикалық акциясы өткізіліп келеді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 12-шілдедегі №3-15-3\2530-и хатын орындау бойынша 1-тамыз 30-қыркүйек аралығында жаңа оқу жылына даярлау кезінде және әлеуметтік себептермен 1-кыркүйекке мектепке келмеу жағдайларының алдын алу бойынша аз қамтылған отбасылардың балаларына қолдау көрсетуге мақсатында "Менің таңдауым-балаларға көмек!"ұранымен мектебімізде акция ұйымдастырылуда.  

        Акция мақсаты-оқумен қамтылмаған балаларды анықтау,аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға,жетім балаларға, сондай-ақ оқу жылының басына дайындық уақыты кезінде ата-аналарының қамқорынсыз қалған балаларға қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша 1- қыркүйекте мектепке балалардың келмеуінің алдын алу.

 

Категория: Әкімшілік