Ертеңгі күніміз бүгіннен басталады. » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ертеңгі күніміз бүгіннен басталады.
24
октябрь
2015

Ертеңгі күніміз бүгіннен басталады.

Алматы қаласы

Алатау ауданы

№169 мектеп-лицейінің

информатика пәні мұғалімі

Саяхат Бахытгул

Ертеңгі күніміз бүгіннен басталады.

Бүгінде білім саласына жаңа реформалар енгізу бүкіл әлем елдерінде ең өзекті мәселелердің бірі болуда. Әсіресе Қазақстанда. Білім жүйесіне жаңа емтихандар енгізіліп, мектепте білім беру жүйесі жаңартылуда. Ұстаздық киелі әрі көне маман. "Ескіден қол үзбей, жаңаға қол жеткізгендер ғана мұғалім бола алады",-деген екен Қытайдын ойшылы Конфуций.Сонымен мұғалім өткен тәжірбиесін жаңамен ұштастыра алатын, кәсіби қызуғышылығы жоғары, танымы биік, ойлау өрісі кең, бастаған ісінің нәтижесін көре алатын өз ісінің шебері болу керек. Ол үшін мұғалімге, еркіндік шығрамашылық ізденіс, көп еңбек қажет, ол үшін жағдай керек.

Бүгінде әсіресе ауылдық жерде мектепте жүргізілетін сабақтар - тек мұғалімнің дайындалып келген материалымен, ҰБТ-ға дайындалу немесе дәріс оқумен ғана шектеліп жатады. Оқушылардың білім деңгейі ескерілмей қала береді. Оқушылар сабақтың мән-мағынасын түсінбестен, тек емтиханды дұрыс тапсыру үшін аталған тапсырмаларды, формулаларды қиналып жаттайды және мұндай білімнің қысқа уақыт ішінде ұмытылып жататынын барлығымызға мәлім. Нәтижесінде мектеп қабырғасынан білімді азаматтар емес, кітаптын әр бір жерін жаттап алған тотықұстар шығады. Сондықтан қазіргі кезде сабақ беру жүйесін заманауи әдіспен жүргізген дұрыс. Ол үшін не істеу керек?

 Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасау. Барлық оқушылардың білім деңгейі бірдей емес, кейбірі жақсы оқитын болса, кейбірінің үлгерімі нашар. Нәтижесінде нашар оқитындар үлгерімі жақсыларды артқа тартып, озат оқушыларөздерінің қабілеттеріне сай білім ала алмайды. 

Өз кезегінде нашар оқитындарда комплекс пайда болады. Соның әсерінен аталған екі топ та өз мүмкіндіктерін толығымен көрсете алмайды. Оқушылармен зерттеушілік қызметтін дамытқан жөн. Мұғалімдер сұрақ қойып, ал оқушылар сол сұраққа ақпарат іздеп, интернет беттерінен ақпаратты жүктеп қана қоймай, өздерінің ой-қорытындыларын, пікірлерін көрсетулері қажет. Яғни, үйреншікті үй тапсырмаларын беруден бөлек, оқушылар қысқа зерттеу жұмыстарын жасаулары, нақтырақ айтқанда, ақпарат көздерімен жеке жұмыс істеп, ақпарат жинап, оны талдап, өз бағасын берулері керек, сондай-ақ, зерттеу жұмысының қорытындысын жасап және мұғалімдермен бірге байланыста әрекет жасаулары қажет. Мектеп осындай әдіс арқылы оқушыларды өздігінен ойлауға үйретеді. Бүгінгі ұстаз шәкіртіне мәлімет беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білімі бар бәсекеге қабілетті өмір сүруге тәрбиелеуге ұмтылыс жасау керек. Оқушылар тек сынып төнірегінде қалып қалмау керек. Оқушылар жиі презентациялар қорғап, сөз сөйлеулері қажет. Сонымен қатар презентациялар сыныпта ғана шектеліп қоймай, аудитория, көпшілік алдында қандайда бір жобаны толықтай қорғаулары қажет. Бұл оқушылардың коммуникативті болуларын және өздеріне сенімділіктерін арттыруға үлкен үлес қосады. Толықтай сөздің тобықтай түйіні бар демекші, Орыс педагогі К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: