Қамқорлық акциясы – мейірім мен жанашырлықтың көрінісі 🤍 Қаңтар
Қамқорлық акциясы – мейірім мен жанашырлықтың көрінісі 🤍 Қаңтар айындағы республикалық «Қамқорлық» акциясы аясында мектебіміздің 7–10 сынып оқушыларының ұйымдастыруымен көпбалалы отбасыларға азық-түлікпен көмек көрсетілді. Бұл игі іс – оқушылардың адамгершілік құндылықтарын арттырып, қайырымдылық пен жанашырлыққа тәрбиелеудің жарқын үлгісі. Акцияға белсене қатысқан барлық оқушыларға және қолдау білдірген жандарға алғысымызды білдіреміз.