«Жалпыадамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі» тақырыбында Республиклық сабақ өткізу бойынша іс-шара » Школа 169
Алматы қаласы білім басқармасының
«№169 мектеп-лицей»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 263-78-88
Есепші бөлімі:
+7(727) 227-38-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Жалпыадамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі» тақырыбында Республиклық сабақ өткізу бойынша іс-шара
23
ноябрь
2021

«Жалпыадамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі» тақырыбында Республиклық сабақ өткізу бойынша іс-шара

«Жалпыадамзаттық құндылықтар- бақытты өмір негізі» тақырыбында Республиклық сабақ өткізу бойынша іс-шара жоспарына сәйкес №169 мектеп-лицейінде 4 сыныптар арасында өзін – тану пәні мұғалімі Нурахунова Қ ұйымдастыруымен «Сүйіспеншілік әрбір жүректе» атты тақырыбында ұжымдық шығармашылық іс-әрекет өткізілді. Шығармашылық сабақта оқушыларға сүйіспеншілік жайлы видеороликтер тренинг жаттығулар өтілді. Оқушылар «Достық үйі» атты ұжымдық шығармашылық іс-әрекетте белгілі сұрақтарды басшылыққа ала отырып достық үйін құрастырды. (плакатқа қағаздан дайындалған үй бөлшектеріне достыққа тән қасиеттерді жаза отырып, жапсырды.) Оқушылар осы әс-әрекет барысында нағыз достықтың қандай болу керектігін түсінді. Қандай жағдай болмасын достықты сақтап қалу керек екендігін ұғынды. Сынып оқушылары өте жақсы белсенділі танытып, қызыға орындай білді. Сонымен қатар, «Жақсылыққа толы жүрегім» тақырыбында тренигнг жаттығу өткізілді. Мұнда оқушылар жақсы қасиеттерді жазып, жүрек қобдишасына салып, шеңбер бойымен тұрып, «Досым, мен саған жақсылыққа толы жүрегімді сүйіспеншілікпен ұсынамын» деген сөзді айтып бір-біріне берді. Балалар сол сүйіспеншілік энергиясын қабылдап, сезіне білді.

https://www.instagram.com/tv/CWkAuVWIW4N/?utm_source=ig_web_copy_link 

Осы беттің QR-коды:
QR-код этой страницы: